Осыдан бір жылдай бұрын Арменияда елбасылық сайлаулар болып, елбасы Роберт Кочарян екінші кезекке қайта сайланған болатын. Сайлаулар барысында көптеген заңсыздықтар орын алды, оның қорытындыларын Кочарян мырза өз пайдасына қарай бұрмалауда-, деген айыптаулармен наразы халық сол сайлаулардың алғашқы сатысынан кейін-ақ күн сайын дерлік шерулерге шыққан болатын. Оппозиция өкілдері сайлаулардың екінші сатысында да заңсыздықтар мен бұрмалаушылықтардың кең етек жайғандығын қайталауда.
Бұл жолғы шерушілердің қойып отырған ең басты талаптары- елбасы Роберт Кочарянның қызметінен кетуі. Ал оған дейін елбасының өзінің де және Парламенттегі көпшілікті құрап отырған коалиция өкілдерінің де теледидар арқылы болатын оппозиция өкілдерімен бетпе-бет айтысқа шығулары. Осыған қоса Уол стрит жоурнал басылымының жазуынша, былтырғы жылғы елбасылық сайлаулардан кейін іле-шала болған Парламенттік сайлаулар барысында өкіметшіл бағыттағы партия көпшілік дауысқа ие болған еді. Ал, сәуір айында Арменияның Конституциялық соты сол елбасылық сайлаулардың қорытындысын бекіткен болатын. Дей тұрғанмен бір жыл ішінде халықтың ел басшылығына деген сенім деңгейін анықтау үшін арнайы референдум өткізу жөнінде ұсыныс жасаған екен.
Бұл жолғы шерулер легі өткен аптада-ақ басталып кеткен болатын. Дүйсенбі күні күндіз 10 мыңнан аса шерушілер елбасы Кочарянның кеңсесіне беттеген екздерінде тоқтатылған. Ал әлгі шерушілердің шамамен үштен екісі түнде де қалып, наразылықтарын одан әрі жалғастырған болатын. Одан кейінгі оқиға, жергілікті уақыт бойынша, дүйсенбіден сейсенбіге қараған түнгі сағат 2-де одан әрі жалғасқан еді. Азаттық радиосының Еревандағы тілшілерінің хабарларына қарағанда, сәуірдің 13-і күнгі таңға жақын шерулерге жалпы алғанда үш мыңнан аса наразылық білдірушілер жиналған екен. “Адамдар үрей аралас күйде Маршал Баграмян көшесімен төмен қарай жүгіруде. Полиция жасақтары су шашатын техниканы пайдалануда. Олар жолдағы тікенек сымдарды алып тастап, шерушілерге қарай жүгіруде”,-деп сипаттаған еді осы оқиғаны радиомыздың Еревандағы тілшісі Храч Мелкунян. Ол шерушілер көшелерде түні бойы тұрған екен. Полиция өкілдері болса, “оқиғаны осындай күш қолдануға мәжбүр еткен дәрежеге дейін әкелді”,-деп шерушілерді айыптап отыр. Өкінішке орай, полиция тарапынан су шашатын қарулар шерушілерді тарату үшін қолданылған екен. Сондай-ақ, құлақ тұндыратын граната жарылыстарын жасау және қолдарына түскендерін таяқпен тоқпақтау кәнігі тәсілге айналса керек. Полиция қызметкерлерінің мәліметтеріне қарағанда, бірнеше шерушілер, оның ішінде журналистер де бар, тұтқындалып, тағы бірнешеуі түрлі жарақаттармен ауруханаларға түскен. Армениядағы басты оопозициялық партиялар кеңсесі түнімен полиция тарапынан торуылданған. Қазіргі кезде Армения билігіндегілер Маршал Баграмян көшесін толық босатып, қала ортасындағы Бостандық алаңын қоршап тастаған екен.
Армения өкіметі ел астанасында болып жатқан қарсылық шерулерін күшпен басып тастауға тырысуда.
- Нұрлытай ҮРКİМБАЙ
Армения өкіметі ел астанасында болып жатқан қарсылық шерулерін күшпен басып тастауға тырысуда. Өткен жылғы елбасылық сайлаулар қорытындылары бұрмаланды,-деп наразылық білдірген ел азаматтары одан бері бірнеше рет шерулерге де шыққан болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты