Accessibility links

БҰҰ ның бейбітшілік сақтау жасағы басшылығы Косовода болған көтеріліске Косова басшылығын айыптап отыр.


Бес жыл бойы тыныштық сақталған Косово өлкесінде жуырда табан астынан этникалық қақтығыс өткен айда бұрқ ете түсіп 19 кісі опат болып 900 кісі жарақаттанғаны аян. Бұл оқиға сәрсенбі күні БҰҰ ның Қауіпсіздік кеңесінде талқыланды. БҰҰ-ның Косоводағы бейбітшілік сақтау жасағының басшылығы көтерілістің шығуына Косова басшылығы кінәлі деді.

Бұл да бір әлемнің беймаза өлкесі екені аян. Соңғы 5 жылда Косово дауына НАТО араласқаннан кейін бұл өлкеде тыныштық орнағандай болатын. Алайда өткен айда күтпеген жерден Косовалық албандар мен сербтер арасында от шықты. От шықты да 19 кісі опат болды. 900 кісі жарақаттанды. Тыныш тұрған өлкеде осынау этникалық қақтығыс өрті қалай тұтанды дегенді зерттей келе БҰҰ ның осы өлкедегі бейбітшілік сақтау жасақтарының басшылығы бұл қақтығыстың өрбуіне дер кезінде оған тосқауыл қоймаған Косово басшылығы кінәлі деді. БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде Косоводағы бейбітшілік сақтау жасағының басшысы Жан Мари Гайюхно толқу басталған сәтте Косово басшылығы бірден өз көзқарасын ашық білдірмеді деді:

"Косово жетекшілері экстремизм ұрыншақтықты ауыздықтау немесе оған қарсы тұру жөніндегі өз мойындарына алған міндеттемелерін шын жүректен орындауда еш күдік тудырмауға тиіс еді."

деді Косовадағы бейбітшілік сақтау жасақтарының жетекшісі. Соныңмен бұл өкіл Қауіпсіздік Кеңесінің алдында осы сәрсенбі күні сөйлеген сөзінде өткен айда болған көтерілісті басуға ойдағыдай үлес қоспады деп сынады.

Албания мемлекетінің БҰҰ ғы елшісі Агим Нешо ғана қорғады. Ол болған қасірет үшін толық жауапкершілікті Косово басшылығынан сұрау үшін ол басшылыққа алдымен толыққанды билік беру керек қой деді. Бұл жерде біз Косовалық албандармен Албания албандары туыс халықтар екенін ұмытпауымыз керек. Косоводағы сербтер де ағайынсыз емес. БҰҰ дағы Сербия-Черногория мемлекетінің елшісі Роксанда Нинсиц ханым:

"Косово мен Метохияда таразының басына не тартылып тұрғаны аян. Әңгіме бұндағы серб қауымдастығының құқықтарын қорғау ғана емес, әңгіме олардың өмірлерін қорғау туралы болуға тиіс", - деді Сербия –Черногория елшісі. Дей келе ол Косовода тұратын сербтерге жергілікті басқару құқы берілетінін еске салды. Бұл идеяны БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесінде Ресей елшісі де қолдады.
XS
SM
MD
LG