Accessibility links

Ирақ үкіметінің қолына белгіленген мерзімде өтеді деген үміт оты қайта жанды


Ирақтан түсіп жатқан соңғы жаңалықтарда кепілдікке алынған азаматар жайында мәлімет басым, кейбір елдер Ирақта жұмыс істеп жатқан азаматтарын қайтарып жатыр дейді. Ақпарат агенттіктерінің хабарларына қарағанда, Ирақ көтерілісшілерінің қолында қырық шетелдік азамат бар, олар он екі елдің азаматтары. Көптеген жағдайда нақты мәлімет журналистерге жетпей жатыр. Кепілдікке түсіп қалған төрт италияндық азаматтың біреуі өлтірілді, мәліметті бейсенбі күні Италия үкіметі растады. Жалпы, Италия және Жапония үкіметтері Ирақтан әскерлеріңді шығарыңдар деген көтерілісшілердің талабын саяси бопсалау деп біледі.

Ирақтың саяси өзгеруі барысында Лахдар Брахимидың сөздері алғабасу деп қабылданып отыр. АҚШ президенті Джордж Буш апта басында сөйлегенде Карина Перелли басқаратын Біріккен Ұлттар Ұйымының Ирақтағы тобына үлкен үміт артанынын айтқан. Бұл топ Ирақта алдағы қаңтар айында өткізілуге тиіс сайлауға дайындық жасауға көмектесіп жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми өкілдерінің арасында екі ұдайы пікір қалып отырса да, Ирақтағы араағайындық мәселелерде Біріккен Ұлттар Ұйымының алға шыққаны маңызды, мәселе осында. Бас хатшы Кофи Аннан сейсенбі күні Ирақтағы қауіпсіздік жағдайына алаңдаушылық танытса да, ұйым қызметкерлерінің жақын арада қайтарылуы жөнінде әңгіме жоқ деген. Енді міне, АҚШ бастаған батыс бірлестігіне сын жан жақтан аса көбейген тұста ұйым өкілі Лахдар Брахими сәрсенбі күні дәл Ирақтың өз басында тұрып алға жетектей алатын мәлімдемесін жариялады.

Біріншіден, Брахими Ирақтың болашақ үкіметі қандай болу керек деп оның бет-пішімін тұңғыш рет айғақтап отыр. Үкіметті премьер-министр дәрежесіндегі қайраткер басқару керек. Үкімет құрамына адалдығымен, тазалығымен және біліктілігімен белгілі азаматтармен азаматшалар қатыстырылу керек. Мемлекет басында президент лауазымындағы басшы болады, президенттің екі вице-президент орынбасарлары болады, деді Лахдар Брахими Бағдадтағы баспасөз мәслихатында.

Ирақ басына осындай үкімет келсе АҚШ тағайындаған қазіргі Ирақ басқару кеңесінің маңызы өзгеруі мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері Ирақ басқару кеңесін уақытша үкімет жанындағы ақылдастар алқасы қылып қайта құруға болады дейді. Әзірше АҚШ әкімшілігі басшылары тарапынан айтарлықтай құлаққағыс болған жоқ. АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Ричард Баучер сипаттама беруден бас тартты, дегенмен Лахдар Брахимидің сипаттамасын жылы қыбалдаймыз деді.

Лахдар Брахими сипаттамасын егжей тегжейлі айтты. Шілде айында уақытша үкімет іске кіріскен соң ұлттық келісім жөнінде Ирақ ұлттық конференциясын өткізген ләзім, онда кеңес ассамблеясын құрып, алдағы қаңтар айына белгіленген сайлау қамына кіріскен жөн деді. Лахдар Брахими ұсыныстарды Ирақтың көптеген игі жақсыларымен ақылдасқанын айтты. Лахдар Брахимидың сөйлескен адамдары, сондай ақ, Ирақты қайта құруда жоғары дәрежелі мамандардың мәселесін, және қамауда не айыпталусыз, не сотталусыз жатқан мыңдаған азаматтардың мәселесін көтергендерін айтты.

АҚШ ресми өкілдері енді Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа резолюциясы шығарылса, онда уақытша үкіметтің мәртебесі және Біріккен Ұлттар Ұйымының орны белгіленсе дейді. Отызыншы маусымнан кейін қауіпсіздікті қамту АҚШ жетекшілігіндегі халықаралық әскер құрамына өтпек. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті президенті Германия елшісі Гюнтер Плюгер билікті уақытша үкіметтің қолына беруді кейінге қалтыру жөнінде ешқандай нақты әңгіме жоқ дейді:

- Мұны ирақтықтар да қалайды, мұны американдықтарда қалайды, мұны британдықтарда, барлық коалицияда қалайды. Ирақта тұрықтылықтың орнауына атсалысып жатқан елдер үшін бұл басты шарт, әйтпегенде олар осы уақытқа шейін оған қол жеткізе алмаған. Мұны, әлбетте, ислам және араб елдері де қалайды.

Германия Ираққа ізігілік көмек көрсетеді, ирақ мамандарына дәрістеме береді. Бір қатар жетекші ел Біріккен Ұлттар Ұйымының Ирақтағы орны анық, тәуелсіз болсын деп, Америка Құрама Штаттарына талап қойып отыр, әйтпесе көмегімізді тоқтатамыз деп айтып жатыр. Ирақта отызыншы маусымнан кейін қалатын көпұлтты жасақ басқыншылар әскері ретінде қабылданбаса, дейді Ирақ шаруаларына атсалысып жатқан елдер.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG