Accessibility links

Британия бас министрі Тони Блэр бүгін АҚШ астанасында президент Бушпен кездесіп, Ирақ мәселесі бойынша келіссөздер жүргізбек.


Кеше бейсенбіде, БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннанмен кездескеннен соң, Тони Блэр, маусымның 30ында Ирақтағы үкіметтік билік тізгінін АҚШ жетекшілігіндегі одақтастардан Ирақтың өзіне өткізер кезде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары көмектесетін болады, деген.

- Меніңше, болашақтағы жағдайлар, өтпелі кезеңдегі Ирақтағы саяси мәселелерді жоспарлау үшін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жаңа қарарын қажет ететін болар, - дейді Тони Блэр.

Кофи Аннаның айтуынша, халықаралық қауымдастық қазір, Ирақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін бірігуде. Сондай-ақ, Тони Блэр мен Джордж Буш бүгінгі кездесуде Таяу шығыс мәселесін де талқыламақ.
XS
SM
MD
LG