Accessibility links

Хамас тобының басшысы Абдел Азиз Рантиси марқұмды соңғы сапарына шығарып салу үшін 200 мыңнан аса палестиналықтар жиналды.


Ол сенбі күні Израйль әуе шабуылдары кезінде оққа ұшқан болатын. Палестинадағы барлық күресуші топтар атынан бірнеше жүздеген жауынгерлер бұл жиынға қатысты. Осы қаза үшін кек алатындықтарын Хамас ұйымы өкілдері айтып отыр. Палестина өкімет жетекшісі Ғассан Әл-Хатиб аталған оқиға жөнінде: “Израйль тарапынан жүзеге асырылып отырған бұл кісі өлтіру өзінің орындалу уақыты жағынан біраз күман туғызып отыр. Себебі бұл іс Ариель Шаронның Вашингтонға сапарынан кейін жүзеге асты”-, дей келіп, Әл-Хатиб мырза мүмкін оңшыл-қанаттағылардың бағытын Американың қолдауы және басқа мәселелер оңшыл-қанаттағы Израйль өкіметіне палестиналықтарды қыруда жаңа дем бергендей болды деген болжам айтуда. Рантиси мырзаның өлтірілуіне байланысты әлемде көптеген сындар айтылуда. Ал ресми Вашингтон болса, “Израйльдің өзін-өзі қорғауға хұқы бар-, деп отыр.
XS
SM
MD
LG