Мұндай мәлімдемені ол сайлаулар қорытындысынан кейін ресми түрде таққа отырған, яғни билікті қолына алғаннан бір күн кейін жасап отыр. Ирақта тұрған 1.300-дей әскерлерін кері шақыру жөнінде ол Қорғаныс министріне нұсқау берген екен. Осыдан кейін, АҚШ-тың бастауындағы Ирақтағы күштер арасындағы 34 елдің өкілдері өз бағыттарын қайта қарауы мүмкін,- деді АҚШ Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Кондолеза Райс.