Accessibility links

Еуропа мен Азияның 25 елінің темір жол басшылары кіретін темір жолдардың қарым қатынасы мен ынтымақтастығы ұйымының кезекті отырысы Астанада басталды.


5 күндік жиналыстан соң халықаралық ұйымға кіретін елдердің арасындағы жүк тасымалын ұлғайту туралы ниеттеме хаттамаларынақол қойылады деп күтілуде. Бұл жиналыста Қытай арқылы өтетін темір жол бағыттарына көп үміт артылып отыр. Бірақ Қытай делеациясының өкілдері Астанадағы ауа райының күрт суытып кетуіне орай Қазақстанға жете алмай жатыр. Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы болашақта, Қазақстанмен Қытай арасындағы Дружба-Алашанькоу стансасы арқылы Қытай жүгінің 40 пайызын Еуропа елдеріне өткізіп жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл тұрғыда Қытай темір жолдарымен кедендік, шекаралық, санитарлық рәсімдерді жеңілдету туралы келісімдер жасалған. Нәтижесінде, темір жол тасымалындағы уақыт үнемделеді,-дейді сарапшылар. Бұгінде, Еуразия құрлығының 13 халықаралық дәліздерінің бесеуі Қазақстан арқылы өтеді. Бұл тұрғыда халықаралық теміржолшылар ұйымының қосар үлесі үлкен,-дейді мамандар. Мәселен, таяуда Қазақстан, Ресей, Украина теміржолшылары бірігіп, Сібірден Қазақстанға жүретін поезд жолын қысқартқан. Енді Сібірдегі Находкадан Қазақстанның Алматы қаласына дейін поезд бұрыңғыдай 22 тәулік емес, 10 тәулік жүретін болды. Ал темір жолдардың халықаралық одағы Қытай-Қазақстан-Ресей- Скандинавия елдірі арқылы атлант мұхитын басып өтетін Америкаға жүк таситын жаңа бағыт ашуды ұсынып отыр. Экономистердің болжамы бойынша, 2010 жылдары бұл бағыт арқылы 16 млрд. долларға бағаланатын жүк тасымалдауға мүмкіншілік жасалады. Қазақстан темір жолы кәсіпорнының баспасөз қызметкері Төленді Зәрубаевтің айтуынша республика арқылы өтетін бағыттардың сыртында жеке поездарды да жаңарту жоспарланған. Темір жол вокзалында Қытайда Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының тапсырысымен жасалған құрамның тұсау кесерін өткізіп қонақтар назарына ұсынбақшымыз.

Экономистердің пайымдауынша, Қытайда жұмыс күші арзан болғандықтан поездарды Германия немесе Америка елдерінде жасағанша, Қытайда жасаған мемлекетке арзанға түседі. Бірақ, теміржол саласынан түсетін табыс негізінен жүк тасымалынан түсетін болғандықтан контейнерлік тасымал саласын дамыту қолға алынған. Еуропа мен Азияның 25 елінің темір жол басшылары кіретін темір жолдардың қарым қатынасы мен ынтымақтастығы комитетінің төрағасы Шозда Тадеуштың айтуына қарағанда 5 күнге созылатын жиналыста негізінген Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалына қатысты маңызды сұрақтар талқыланады.

Қазақстанның көлік министрлігі таратқан ақпаратқа сай, Қазақстанның көліктік дәліздері пайдалды қазбаларға бай аймақтар арқылы өтеді, демек болашақта транзиттік бағыттардың жетілуі жалпы республика экономикасының дамуына үлкен үлесін қосады дейді қазақстандық теміржолшылар. Республиканың темір жол арқылы жүргізілетін шет елдермен қатынасы өркендей түссе, көлік дәліздері, коммуникация желілері жақсарып, аймақтардағы адамдардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге болады, деген тұжырым бар. Бірақ, бұл мүмкіншіліктерді пайдалану үшін, тасымал кестесін өзгерту керек,-дейді қазақстандық теміржолшылар.

Сондықтан, Қазақстан темір жолы кәсіпорнының баспасөз қызметкері Төленді Зәрубаевтің айтуынша Қазақстан арқылы өтетін темір жол желілерінің кестесіне өзгерістер енгізілуі ықтимал. Контейнерлік тасымал саласында жаңа жоба іске асырылады. Мәслихатта оған қол қойылады. Кестедегі жол қазақстан арқылы өтеді. Темір жол салсын дамытуға әсерін тигізетін тағы бір мәселе бар. Бүгінгі жиынға жиналған 25 елдің өкілдері негізінен тариф сұрақтарын шешіп алуға мүдделі. Мысалы, Вьетнам темір жолдары кәсіпорны президентінің орынбасары Вун Ден Ханның пікірінше теміржолшылардың халықаралық ұйымына кіретін елдер тарифтер жағынан келісімге келсе, олардың арасындағы жүк тасымалын және тауарайналымды едәуір ұлғайтуға болады. Өйткені, қазірдің өзінде жүк тасымалдау саласында темір жол құны теңіз тасымалынан арзанырақ.

Алқалы жиынның Қазақстанда өткізілуі кездейсоқтық емес дейді халықаралық теміржолшылар ұйымының өкілдері. Қазақстанның Еуразиялық құрлықтың ортасында орналасуы республиканың тиімді жағы екені белгілі. Қазақстандықтар үшінде темір жолдың тиімді жақтары көп,-дейді Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының баспа сөз қызметкерлері. Мысалы республикадағы барлық жүк тасымалының 70 пайызы. темір жолдың үлесінеде. Ал жолаушылар тасымалының жартысына жуығы поездармен жүргізіледі. Қазақстан темір жолдарының жалпы ұзындығы 14 мың шақырымнан асады. Әлем бойынша ұзындығы жағынан тәуелсіз мемлекеттер достастығы территориясында 3 орында келеді. Темір жол саласында бүгінде 125 мың адам жұмыс істейді. Бұл қазақстан тұрғындарының 1 пайызы.
XS
SM
MD
LG