Әскери қылмыстар бойынша Халықаралық сот бүгін Босния сербтерінің бұрынғы генералы Радислав Крстичтің 1995 жылы Сребреница қаласындағы 7,5 мың мұсылманды қырған қылмысы үшін жазасын 46 жылдан 35 жылға қысқартты. Одан бұрын әскери қылмыстар бойынша Гаагадағы Халықаралық трибунал судьяларының аппеляциялық алқасы 1995 жылы Боснияның Сребреница қаласындағы мұсылмандарды жаппай бауыздау – сөзсіз генацид болды деген үкімді растады.
Халықаралық трибунал Босния сербтерінің бұрынғы генералы Р.Крстичтің 1995 жылы Сребреница қаласындағы 7,5 мың мұсылманды қырған қылмысы үшін жазасын 46 жылдан 35 жылға қысқартты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
AzattyqTV