Accessibility links

Жапония мен Аустралия Испанияны өзінің Ирақтағы халықаралық міндеттерін орындаудан бас тартпауға шақыруда.


Жапония мен Аустралия Испанияны өзінің Ирақтағы халықаралық міндеттерін орындаудан бас тартпауға шақыруда. Кеше Испанияның жаңа премьер-министрі Хосе Луис Сапатеро испан әскері Ирақтан дереу шығарылады деп мәлімдеді. Аустралияның премьер-министрі Джон Хоуард: “Мен Испанияның шешіміне қатты өкініш білдіремін. Испанияның шешімі Ирақтың егеменді де демократиялық елге айналуын қаламайтындарды қуанышқа бөлейді”, -деп атап өкініш сезімін білдірді.
XS
SM
MD
LG