Accessibility links

Ирақтағы АҚШ бастаған коалициялық күштер өкілінің мәлімдеуінше, Әл-Фаллуджа қаласындағы ахуалды қалпы келтіру мақсатында жергілікті қауымның жетекшілерімен уәжге келді.


Ирақтағы АҚШ бастаған коалициялық күштер өкілінің мәлімдеуінше, Әл-Фаллуджа қаласындағы ахуалды қалпы келтіру мақсатында жергілікті қауымның жетекшілерімен уәжге келді. Коалицияның өкілі Дэн Синордың айтуынша, өзара келісім коалициялық және Ирақтың қауіпсіздік күштерінің бірлескен көше күзетін ұйымдастыруды да қамтиды. Оның айтуынша, коалиция өкілдері мен Ирақтың басқару кеңесінің мүшелері және Әл-Фаллуджа қауымының делегациясы арасындағы келіссөздің нәтижесінде бүгін кешкісін қол қойылған коммюникеде: “Әл-Фаллуджа қаласында тыныштық орнауын барлық жақ қолдайды және бұл шартты бұзбауға барлық жақ міндеттенеді. Тараптар шарт орындалмаған жағдайда соғыс қимылдарының дереу қайта жалғасуы мүмкіндігін мойындайды”, -делінген.
XS
SM
MD
LG