Accessibility links

АҚШ әскерлері Наджаф маңында Әл-Садырға шабуыл жасауға дайын тұр.


Мұқтад әл-Садыр шайқыны өткен жылы ұстамды шииі дін басын өлтіргенде ирақтық судья айыптап отыр. Оның көмекшісі қамауға алынып, Әл-Садырды қолдаушы шииілер көтеріліске шыққандығы мәлім. Ирақтағы одақтастар қосындарын басқарушы Американдық Бригада генералы Марк Кимитт, бірнеше мәрте американдық әскерлердің міндетті

Әл-Садыр шайқыны тұтқындау немесе оның көзін жойу деп мәлімдеп еді. Сенбі күні Киммит, Әл-Садыр өзі берілсе шығындарды азайтқан болар еді деді : " Наджаф нысана емес. Мұқтад әл-Садр нысана. Ол, ирақтық заң орындары оның қамауға алынуы туралы ордерге сүйеніп ирақтық сақшыларға беріліп ирақтық заң орындарынына жүгіне алады. Бұған ешқандай кедергі жоқ. Қан төгістер үшін ешқандай себептер жоқ. Қан төгістерді болдырмау оның өз қолында." Наджафтағы Коалициялық Уақытша Үкіметтің 4 адамнан тұратын тобын басқаратын Фил Коснеттің айтуынша, жағдай "жарылыс алдында тұр."

Қаладағы әскери базада өз тобымен отырған Коснеттің айтуынша, Әл-Садырдың сақшылары Наджафта толық өз бақылауын орнатқан жоқ. Наджафтағы ақпарат құралдарынның өкілдеріннің айтуынша, жергілікті тұрғындар өздерінің өмірлері мен мал-мүлкіне қауіп төнгендігін айтуда. Көпшілік дүкендер жабық, шахардың қасиетті орындары зейарат етушілерге емес, қарулы адамдарға толы. Әл-Садырдың өкілі Қауыс әл- Хазалидың айтуынша, Наджафқа АҚШ әскерлеріннің кез келген шабуылы "күллі Ирақтағы революцияның" басталғандығын білдіреді. Бірақ, Хазалидың мәлімдемесіне қарамастан, Наджафтағы 4 ұлы аяттолла Әл-Садырдың әрекетінен өз бойларын аулақ салды.

Ұлы аяттоллалардың өкілі Ишақ әл-Фауаттың айтуынша, Әл-Садыр өз көтерілісін бастағанда және өз сақшыларын құрған кезде дін басылармен ақылдаспаған.

" St. Louis Post-Dispatch " газеттінінң хабарлауынша, сенбі күні Ирақтың Сириямен шекарасы бойындағы шайқаста 5 АҚШ теңіз ноянымен көптеген ирақтық жауынгерлер қаза тапқан. Жексенбі күні Хусейба кенті маңында шайқастар жалғасып, американдық қосындар қалаға апаратын жолдарды қоршауға алып, тік ұшақтарды пайдаланды. Газеттің хабарлауынша, сенбі күні АҚШ сарбаздарын бекіністен шығару үшін 300 дей ирақ жауынгері шабуылға шықан, олардың 20-ы қолға түскен. Ал, екі апта бойы АҚШ теңіз нояндары қоршауға алған сүнілер тұратын Фаллуджа қаласы бірша ма тыныш. Ройтер агентігіннің телеоператорлары Бағдаттан оңтүстікте орналасқан Диуания кентінде АҚШ басшылығындағы испаниялық әскерлердің Әл-Садыр шайқынның сақшыларымен екі жақты атыстарға барғанын түсірді.

Жексенбі күнгі Испаниянның жаңа бас министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро Ирақтағы 1 мың 300 испандық қолды мүмкіндігінше тез әкетеміз деп жариялады.

АҚШ президентіннің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Кондлиза Райс бұл мәселеге өз пікірін былайша білдірді : " Біз, Испаниянның өз әскерлерін Ирақтан әкету мәселесін талқылап жатқандығын білеміз. Мен олар оны іске асырса таң қалмаймын.

Біз, Ираққта қалу арқылы нендей қиыншылықтарға тап болатындығын түсінетін басқада елдердің бар екендігін бағалай аламыз. Бірақ біз онда әліде сенімді коалицияға иеміз." Жапония мен Австралия Испанияға Ирақтағы міндеттемелерін орындауға шақырды. Дүйсенбі күні Жапон үкіметіннің мүшесі Ясуо Факада, әрбір ел өзінің Ирақтағы міндеттемелеріннің деңгейін анықтап, әрі Ирақты қалпына келтіруге ат салысуы керек десе. Австралия бас министрі Джон Говард, Испаниянның өз әскерін әкетуін "жаман шешім" өйткені бұл Ирақтағы бейбіт әрекетерге кесірін тигізеді деді. Ал, дүйсенбі күні Испанияның Сыртқы істер министрі Мигуэль Моратинос, күнделікті жарық көретін "Эл Пэйс" газетіне, Испания өз міндеттемелерін орындап, лаңкестікке қарсы күресті жалғастыратындығы туралы айтты.
XS
SM
MD
LG