Конституциялық Кеңес «БАҚ туралы» Заң жобасын қарау барысында бұл жолы Үкімет тарабының пікірлеріне құлақ асты. Алдымен Әділет министрлігінің ұстанымын білдірген вице-министр Сабыржан Бекбосынов бұл заң жобасында журналистердің құқығы нақты, анық жазылған деген пікір айтты. Сонымен қатар журналистердің тәуелсіз ақпарат тарату құқығы қорғалған және оған кепілдік берілген деді. Оның айтуынша, заң жобасының ең маңыздылығы жергілікті халықтың менталитетіне байланысты соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттауға жол берілмейді. «Осыларды есепке ала отырып, әділет министрлігі Үкіметтің ұстанымын қолдайды, аталмыш заң жобасы Қазақстан Конституциясына қайшы емес»,– деген пікірін білдірді Сабыржан Бекбосынов.
Ал ҚР Бас прокурорының орынбасары Асхат Дауылбаев аталмыш заң жобасында, Конституцияда жазылғандай, сөз бостандығы мен еркін ақпарат таратуға мүмкіндік берілген дейді. Сондықтан Парламентте қабылданған заң жобасы Конституция талаптарын бұзбайды деп толық айта аламыз,– деп мәлімдеді.
Конституциялық Кеңестің мүшесі Құрманбек Омарханов болса ақпарат министрлігінің өкілі Людмила Бояринадан «Бұл заң жобасы қоғамда түрлі пікір туғызып отыр. Оппоненттер бұл заңды қабылдауға болмайды дейді. Уәкілетті органдарға көптеген құзірет берілген деп отыр. Бұл заң жобасы тәуелсіз ақпарат құралдарына қысым жасайды деген пкірілер айтуда. Осыған қандай пікір айтасыз деп сұрады.
Бұған Людмила Боярина 1999 жылы «БАҚ туралы» заң қабылданар кезде де біздің оппоненттер егер аталмыш заң қабылданар болса тәуелсіз ақпарат құралдарының барлығы жабылып қалады деген пікір айтқан. Керісінше 1999 жылы «БАҚ туралы» заң қабылданғаннан кейін елде тәуелсіз басылымдардың саны артты. Осы уақытқа дейін соттың шешімінсіз уәкілетті орган ешқандай бұқаралық ақпарат құралдарын жапқан жоқ. Сондықтан олардың пікірлерімен келісуге болмайды,– деп жауап берді.
Алайда Конституциялық Кеңестің мүшесі Құрманбек Омарханов «БАҚ туралы» заң жобасының Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органның құзіреті деген 8-баптың 4-тармақшасында «Қазақстан Республикасының заң актілеріне белгіленген тәртіппен бұқарарлық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлік беру, оның қолданылуын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы шешім қабылдайды» деп жазылған. Соны қайтарып алу туралы шешім шығармайды деп емес, ұсыныс жасайды деп жазуға болмады ма ,– деген пікір білдірді.
Осымен Конституциялық Кеңес «БАҚ туралы» заң жобасын талқылауды аяқтады. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Серікбай Әлібаев аталмыш заң жобасына Президент вето жариялайды деген пікірін айтады. Себебі билікке керек болғаны «Сайлау туралы» Конституциялық заң.
Мәжіліс депутаты Асқар Бисенбаев болса, бұл заң жобасының мемлекеттің мүддесін ойлайтын жақтары бар екендігін айтады. «Мысалы үшін ауылды жерге барғанда қариялар айтады, эрротиканы неге бересіңдер, көптеген жерлерде отбасымызбен теледидар көріп отыра алмаймыз деген пікірлерін айтатын. Міне осылар қазір заңда орнын тапты деп ойлаймын»,– дейді Асқар Бисенбаев.
Ал Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері ішінде «Жас Алаш» газетінің тілшісі Руслан Ербота мынадай пікірін жеткізеді: « Бұл жерде Конституциялық Кеңеске тіреп қоятын ештеңе жоқ. Барлық мәселені Президент шешеді. Егер Президент қол қойып, заң жобасын қабылдаса, онда Президенттің алдағы саяси қадамдарын да болжау қиын емес.
Хабар телеарнасының тілшісі Бисен Құранбек « Менің пікірімше, бұл заң жобасы бізге керек, мүмкін алдағы бес жылға керек, мүмкін он жылға керек».
Конституциялық Кеңес «БАҚ» туралы заң жобасына байланысты шешімін үстіміздегі аптада шығаруға тиіс.