Accessibility links

БҰҰ дағы АҚШ елшісі Негропонте енді Ираққа елші болып тағайындалды.


АҚШ өзінің БҰҰ дағы елшісі Джон Негропонтты Ираққа елшілікке тағайындады. Бұның астарында не жатыр? Ресми пікірлер бойынша Негропонт бүгінгі Ирақта қалыптасқан күрделі жағдайды шешуге ыңғайлы дипломат көрінеді. БҰҰ ның бас хатшысы Кофи Аннан , Қауіпсіздік Кеңесінің көптеген мүшелері бұл дипломаттың кәсіби деңгейіне жоғары баға беріп отыр. Кофи Аннаның өкілі Фред Екхард:

"Аннан бұл елшімен енді оның жаңа қызмет бабында да қоян-қолтық жұмыс істегелі отыр. Олар бірлесіп атқаратын жұмыстар жетеді. Аннан Буштың бұл тағайындауын жақсы қабылдады" дейді БҰҰ бас хатшысының өкілі.

Германия мен АҚШ Ирақ үстінде бір-біріне кереғар келіп қалғанына қарамастан БҰҰ дағы Германия елшісі Гунтер Плеугер Джон Негропонтқа жоғары баға берді:

"Ол өте икемді дипломат. Мен өзім онымен достық қарым-қатынастамын."

Егер, АҚШ Сенаты канидатурасын мақұлдар болса Джон Негропонт Ирақтағы елшілік жұмысын Ирақ егемендік алғаннан кейін яғни шілденің 1-де бастамақ.

Ирақта АҚШ дайындаған әкім Пол Бремер бар. Алайда Бремер АҚШ қорғаныс министрі алдында есеп береді. Негропонт болса мемлекеттік департмент яғни АҚШ сыртқы істер министріне есеб береді. Ал, Ирақтағы 150 мың Америка әскері болса тек өз командирлеріне ғана бағынатын болады. АҚШ ның Ирақтағы елшілігі шамамен 3000 кісіден тұратын үлкен штаб болғалы отыр. Оның сыртында Негропонт Ирақтың жаңадан құрылуға тиіс үкіметіне де ақылшы рөлін атқармақ.

Нью Йорктегі Колумбия университетінің профессоры Эдвард Лак:

"Ол алуан түрлі мемлекеттердің тұрғысын яғни позициясын білетін жан. Олардың не істеп не қоятынын немесе қандай реакция байқататынын сезгіш" дейді.

Сондай-ақ ол, Негропонтты Вашингтонның Ираққа елші етіп тағайындауының астарында ендігі жерде БҰҰ Ирақтағы негізгі рөлді өз мойынына алсын деген ниет жатыр, - дейді.
XS
SM
MD
LG