Accessibility links

Біріңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасы Қазақстан Президентінің қол қоюуына жіберілді


Көкектің 22-і Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты Біріңғай экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасын қабылдады.

Қазақстанның Индустрия және сауда министрінің орынбасары Болат Смағұловтың айтуына қарағанда аталған келісімді Ресей мен Украина елдері көкектің 20-ы күні бекіткен.

Белoрусcия парламентінде көкектің 22-і күні қаралуда. Ал, Қырғыз Республикасы бақылаушы ретінде қатысуға тапсырыс жасаған.

Айта кетер жәйт, Парламент Сенатының жалпы отырысы қарауына шығарылған мәселелердің қатарында Біріңғай экономикалық кеңістік құру келісімін бекіту туралы заң жобасы болған жоқ. Мәселе, Сенат депутаты Тасбай Симамбаевтың ұсынысымен ғана күн тәртібіне енгізілді.

Индустрия және сауда министрінің орынбасары Болат Смағұловтың айтуынша, біріңғай экономикалық кеңістіктің еуразиялық экономикалық қауымдастықтан айырмашылығы бар. « Келісімнің 4-бабына сәйкес біріңғай реттеуді іске асыратын орган құру көзделген. Ал мұндай орган еуразиялық экономикалық қауымдастықтың және ТМД-ның аясында құрылмаған. Аталған органның шешімдері осы келісімге қатысушы мемлекеттерге міндетті болып табылады» дейді Болат Смағұлов. Депутат Тасбай Симамбаев, аталған заң төрт мемлекеттің арасында орын алып отырған мәселелерді шешеді деген пікірде. Ал, біріңғай реттеуді іске асыратын ортақ органның Мәскеу қаласында ашылатыны жайында келісімде айтылыпты. «Қазақстанның тарифтері төмен. Ал, Ресейдің тарифтері екі-үш есе көп. Украинаға, Беларуссияға астық жіберейік десек барғанша бағасы екі есе көбейеді. Төрт мемлекетің арасында біраз нәрселердің шешілмегені осыдан. Аталған мемлекеттердің арасында тарифті ортақ бағамен келтірсек, сондай ықпалдасу дұрыс болады » дейді депутат Симамбаев.

Келісімді сенаторлар басым дауыспен қолдады. Ал, депутат Әбіш Кекілбаев қалыс қалды. Ол бұрынғы жасалған шарттардың нәтижелі жұмыс жасағанын қамтамасыз еткенге дейін жаңа шарттардан тартына тұрған дұрыс еді деген пікірде.

Философия ғылымдарының докторы, профессор Қамалбай Марданов аталған кеңістікті құру қажет, алайда оның тиімділігі қандай болары екіталай дейді.

Аталған келісім Президенттің қол қоюына жіберілді.
XS
SM
MD
LG