Accessibility links

АҚ үй өкілі МкКленнан: Испания, Гондурас және Доминикан елінің өз қосындарын алып кетеміз деген шешіміне қарамастан, АҚШ бастаған одақтас күштердің Ирақтағы беделі әлі де болса күшті.


Бірақ Испании сыртқы істер министрі Моратинос мемлекеттік хатшы Колин Пауелмен кездескенде лаңкестікке қарсы, Таяу шығыс пен Балқандағы бейбітшілік үшін күресте Испания АҚШ пен бірге болады деген уәдесін айтып, күрделі жағдайды бір шама жұмсартты. Ал Біріккен күштер штабы бастыңы генерал Майерстің айтуынша, АҚШтан 20 мыңдай әскердің одан әрі Ирақта тағы да 3 айға қалуы 700 млн. долларға түспек. Өткен жылы АҚШ конгресі Ирақтағы әскери операциялар үшін 87 млд. доллар бөлүді мақұлдаған еді.
XS
SM
MD
LG