Accessibility links

Тәжікістаннан шетелге адам тасымалдап сатудың үдеуі.


Орта Азия бүгінде шетелге топырлатып қыз-келіншек сатудың, оларды жезөкшелер базарына шығарудың ордасына айналып барады. Орта Азиядан жыл сайын мыңдаған әйел жезөкшелікке сатылып кетеді. Ал, Тәжікістанда болса бұл құбылыс мемлекеттік деңгейдегі бас ауруға айналды. Өйткені азамат соғысын бастан кешкен бұл елде жұрт жұмыс іздеп шетелге кетуге мәжбүр.

Орта Азияда адам саудасы яғни қыз-келіншектерді шетелге жұмыс тауып беремін деп алдап алып шығып шетелге барғаннан кеуін олардың шарасыздығын пайдаланып жезөкшелер үйіне сатып жіберу тәрізді қылмыстың түрі Совет Одағы құлағаннан кейін етек ала бастаған құбылыс екені аян. Сондай адам саудасының құрбаны болған бір Мәдина есімді тәжік келіншегі былай деп сыр шертеді:

"Мен осы жергілікті базарда жұмыс істеп жүргенмін. Біркүні бір ер кісі жаныма келіп тіршілік қалай деп жәй-жапсарымды сұрады. Мен тұрмыстың қиындығын проблемалардың шаш-етектен екенін айта бастадым. Екі балам бар керек десеңіз соларды асыраудың өзі мұң дедім. Күйеуіммен ажырасқанымды айттым. Әлгі кісі маған егер қаласаң менімен шетелге шыға аласын деді. Онда жұмыс көп, орналастыра аламын деді. Мен оның айтқанына имандай сендім де ізіне еріп жүре бердім", - дейді Мәдина.

Жаңа танысым маған үйіңе екі айдан кейін ораласын, оралғанда да бума-бума ақшамен ораласын деп уәдені үйіп-төкті дейді Мәдина.

"Сонымен біз Түркиядан бір-ақ шықтық. Бірақ, танысым мені алдап соқты. Құжаттарымды қағып алды да жезөкшелер үйне тапсырып жіберді. Мен жезөкшелер үйінде, сөйтіп, бір жыл болдым. Еске алудың өзі қиын. Сырқатқа ұшырадым. Тәжікістанға қайта оралғанымда қалтамда сонда небары 200 доллар ғана болған. Жезөкшелер үйінен қашып шығу қиын болды, бірақ, мен есебін тауып құтылдым," - дейді Мәдина.

Тәжікістанда бұндай сұмдықты бастан кешкен жалғыз Мәдина емес. Мысалы, Халықаралық миграция мекемесінің мәліметі бойынша Тәжікістанда қылмыстық топтар тек 2002 жылдың өзінде ғана бұл елден 646 қыз-келіншекті шетелге алып шығып жезөкшелікке сатып жіберген. Бұл елде қанша әйелдің бұндай қылмыстың құрбаны болғанын дәл санап шығу мүмкін емес. Қыз келіншектер негізінен Түркия , Оңтүстік Корея, Парсы шығанағы, түстік Азия және Еуропа елдеріне шығарылып сатылған.

Бүгінде Тәжік парламенті қылмыстың бұл түрін ауыздықтайтын заң қабылдауға дайындалып жатыр. Бұндай қылмыстық топтардың құрығына түсіп қалдмаудан сақтандыратын насихат жұмыстары да қолға алынған. Халықаралық миграция мекемесінің Душанбедегі өкілі Нигида Мамаджанова:

"Ресми деректерге сүйенсек тек ғана бір Біріккен Араб Әмірлігінің өзінде жезөкшелікпен айналысқан 300 тәжік қыз-келіншегі тұтқындалып түрмеге отырғызылған. Біз оларды азат ету шараларын қолға алудамыз. Алайда, ең маңызды жұмыс қыз-келіншектерді бұндай былыққа батпаудан алдын-ала сақтандыру шаралары дер едік. Осыған мән беріп жатырмыз."
XS
SM
MD
LG