АҚШ да жүргізілген сауалнама нәтижесі соңғы апталарда бораған сындарға қарамастан президент Джордж Буш беделінің өсе түскенін көрсетті. Өздеріңізге белгілі соңғы апталардың ең үлкен дауы Буштың бұрынғы терроризммен күрес бойынша кеңесшісінің оған таққан айыбы болды. 2001 жылғы 11 қыркүйек шабуыл алдын-ала біле тұра тиісті шара қолдандабы деп Бушты айыптаған бұрынғы кеңесшісі Американы дүрілдетті.
Әсіресе, соңғы айда АҚШ президентінің төбесінен сын тоқпағы арылмай қойғаны аян. Сын тоқпағының ең ауыры өзінің бұрынғы кеңесшісі дәлірек айтқанда терроризммен күрес жөніндегі кеңесшісі Ричард Кларктың оны халық алдында айыптауы болды:
"Ол мән бермеді. Айлар бойы терроризмге мән бермеді. Мән бергенде 11 қырқүйек оқиғасының біз алдын алған болар едік" деді осынау президент Буштың бұрынғы кеңесшісі. Ол президент Бушты тек телеэкран арқылы төмпештеп қоймай Бушты айыптайтын "Барлық жауға қарсы" атты шулы кітап та шығарып тастады.
Ирақтағы жағдайдың шиеленісуі де оған соққы болып тиді. Тек ғана осы соңғы айдың өзінде 100 америка солдаты опат болыпты Ирақта. Бір қызық жәйт осындай көлеңкелі мысалдарға қарамастан сауалнама нәтижелері бойынша Буш беделі өсе түскен. ЕЙ БИ СИ телеарнасы жария еткен сауалнама нәтижесі Бушты қолдайтындар 48 пайыз, ал оның биылғы президенттік сайлаудағы бақталасы Джон Керриді қолдаушылар 43 пайыз екенін көрінеді. Енді бұл көрсеткіштердің астарында не жатқаны туралы мамандар не дейді. Вашингтондағы Америка университетінің профессоры Алан Лихтман:
"Нашар жаңалықтардың көп болғанына қарамастан жұрт назары ұлттық қауіпсіздік мәселесіне ауды, президентке, ұлттық жалауға ауды." - дейді маман. Оған қоса осы айда Буштың сайлау науқанына орасан мол ақша төгілді бұл да болса өз нәтижесін бермей қалмады дейді профессор Лихтман.
"Меніңше Буштың қаржы жөнінен басымдылығы жағдайды өзгертті. Ол кәзірдің өзінде Джон Керридің беделін түсіруге 50 миллион доллар жұмсады"
Маман сондай-ақ бұ кездегі Буштың Керриден басымдылығы сайлау өтетін қараша айына дейін талай өзгеруі мүмкін дегенді айтады. Шындап келгенде Америкада сайлау нәтижесін алдын ала болжау мүмкін емес дегенді айтады.