Accessibility links

Солтүстік Кореяның темір жолы бойында пойыздардың алапат соқтығысуы орын алған.


Бұл жөнінде Оңтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, қайғылы оқиғаның болғанына 12 сағаттан аса уақыт өткенде де Солтүстік Корея ресми тұлғалары тарапынан мардымды мәліметтер хабарлана қоймаған екен. Осы оқиғаға орай Қызык крес ұйымы Пхеньянда кезектен тыс басқосу өткізді. Ионхап атты ақпарат агенттігі мен ИТН теле арнасының жазуынша, мұнай тасығыш екі пойыз Риоңчон аймағында соқтығысқан екен. 3000-дай адам қаза болып, не жараланған болуы мүмкін, дейді ақпарат бұлақтары. Елде кезектен тыс жағдай жарияланды.
XS
SM
MD
LG