Accessibility links

Баспасөзге шолу. 04 -23 - 2004


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның кейбір отбасы мүшелері республикалық газеттердің соңғы сандарының басты кейіпкерлеріне айналыпты.

Көптен бері дау тудырып келген «БАҚ туралы» заңның қабылданбауын президенттің күшті жүрісі деп бағалауға болады», - дейді «Айқын» газеті. «Бұл біріншіден, президенттің беделін көтере түседі. Екіншіден, Назарбаев бұл мәлімдемені басқа уақытта, басқа жерде емес, Еуразиялық медиа форумда жариялауы Дариға Назарбаева ұйымдастырған жиынның салмағын, маңызын арттырды», - деп есептейді «Айқын» басылымы. Ал «бұл заңды қабылдаған Парламент үшін сұмдық ауыр соққы болғаны, мұның қаншалықты ауырлығы Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбайдың қазіргі заңның да оңып тұрғаны шамалы ғой деген сөзінен байқалды», - дейді газет тілшсі. Заң жобасын әзірлеген Ақпарат министрлігініің жағдайы не болмақ? «Барлығы министрлікке байланысты», - дегенді айтыпты президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Литер» газетінде. Оның пікірінше, «мына жағдайда оның жетекшілігі отставкаға кете алады». «Өйткені, олар өздерінің дұрыс жасағандарына сенімді болды. Алайда, Конституциялық кеңес оның жұмысын қабылдамай, президент мұндай қорытындыны қоштағандықтан, олардың кетулеріне болады», - деп мәлімдейді президенттің кеңесшісі Ертісбаев мырза. Әйтсе де, Ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахманов «Егемен Қазақстан» газеті бетінде:

«Нұрсұлтан Әбішұлы заң жобасын дайындау, жөнінде үкімет пен парламентке алғыс айтты. Бұл – біздің өз міндетімізді кәсіби деңгейде атқарғанымызға берілген баға», - дегенді алға тартады. Оның пікірінше, «заң жобасына нүкте қойылғанымен, осы мәселеге орай түпкілікті шешім қабылданды деуге болмайды». «Мысалы, мемлекеттік тілдегі хабарлардың телеарналардан тәулік бойғы кестесінде біркелкі орналасуы керек деген талап орынды деп әлі санайтынтынымды ашық айтуға мәжбүрмін», - дейді Ақпарат министрі Саутыбек Әбдірахманов.

Ал журналистердің өздері ақпарат құралдары туралы заң жобасына қатысты сенсацияны байыпты түрде қабылдапты. «Журналистер дәлізде неге дәл қазір және неге солай жасағаны түсінікті дегенді айтады. Біреу саяси ұпай жинағасы келеді», - дейді «Ассанди таймс» газеті. Осы газет тілшісіне берген түсіндірмесінде адам құқығы бойынша халықаралық бюро жетекшісі Евгений Жовтис: «БАҚ туралы» заң жобасы халықаралық талаптарға жауап бермегенімен, ол Қазақстан Конституциясына қайшы емес», - деген пікірді айтады. «Мына жағдайдың өне бойынан Дариға Назарбаеваға арналған пиар көрініп тұр», - дейді Евгений Жовтис. «Назарбаева медиа форумды ұйымдастырды, ал онда оның әкесі журналистерге жаңа заңмен өмір сүрмеуге мұрсат берді», - дейді құқыққорғаушы Жовтис мырза. «Сөз» газеті болса, «сайлау жақындаған сайын президенттің уәделері көбейіп келе жатқандығын» аңғарыпты. Оның бір дәлелі «биылдан бастап 1 шаршы метр пәтердің құныны 350 доллар ету мен мүгедектер, соғыс ардагерлерге жақсылықты үйіп-төгу», - дегенді айтады.

Әйтсе де, мақала авторы Мақсат Мұратов бұл уәделердің барлығы сайлау өте салысымыен сиырқұйымшақтанып кетеді деп есептейді. «Ақыры жап-жақсы идеянының түбіне жеткен үкімет деп, бір-екі министрді отставкаға жіберіп, президенттің өзі сүттен ақ, судан таза болып шыға келеді», - дейді Мақсат Мұратов. «Қазақстан» газетінің мәліметтеріне қарағанда, «Қазақгейт» шатағына байланысты депутаттар сұрау салған соң жария болған шетелдегі банкте тығулы жатқан миллардтаған доллар ақша тұрғын үй бағдарламасына пайдаланылмақ. Әйтсе де, газеттің бас редакторы Серғазы Мұхтарбеков сол қаржы нақты кімдерге берілмек деген сауал қояды. Сөйте отырып ол:

«Қазіргі Қазақстандағы құрылыс саласының көшбасшысы «Элитстрой» компаниясының қожайыны президенттің қызы кіші қызы Әли Назарбаева, Елбасы айтқан «үздік жобадағы тұрғын жай» салғыш қазақстандық комапниялардың негізгі құрылтайшысы президенттің ортаншы қызы Динара Назарбаеваның атасы» екендігіне назар аудартады.

Сонымен бірге осы басылым шетелдік ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасай отырып, «аса ірі көлемдегі аляқтықты анықтау жөніндегі бюро деп аталытын» ағылшын фирмасы президенттің інісі Болат Назарбаев иесі болып табылатын фирмаға қатысты мәселені қарай бастағанын» хабарлайды. Мақала авторы бұл іс әрі қарай тереңдей берсе, оның кіші «Қазақгейтке» айналып кетуі ықтимал деген пікір білдіреді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG