Accessibility links

Ғалымжан Жақиянов хабарсыз отыр


Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновтың жұбайы Қарлығаш Жақиянова түрмеде отырған жарының өміріне алаңдайтынын білдіріп отыр. Бұл туралы ол көкектің 23 күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатта жариялады. Қарлығаш Жақиянованың пайымдауынша, соңғы күндері Ғалымжан Жақияновқа көрсетіліп отырған қысым қатаңдай түсті.

Көкектің 29 күні Қарлағыш Жақиянова Қостанай облысындағы Кұсмұрында жатқан жұбайы Ғалымжан Жақияновпен кездесуі керек, бірақ Қарлығаш Жақиянова мұндай мүмкіндігінен айырылып отыр. Мұның себебін тергеу органдары Ғалымжан Жақияновқа қозғалып отырған жаңа іспен түсіндірген. Бұл іс бойынша, куәгер болғандықтан, мен Ғалымжанмен кездесе алмаймын,- дейді Қарлығаш Жақиянова. Қарлығаш Жақиянова, Ғалымжан Жақияновтың жұбайы: -

Мен куә ретінде жауап беруге дайын отырмын, бірақ олар «Сіз куәгерсіз, ал Ғалымжан Жақиянов жауапты, сол себептен сіздер кездесе алмайсыздар»,деп отыр. Осылай олар Ғалымжанның құқығын бұзып жатыр.

Сонымен қатар, Қарлығаш Жақиянованың пайымдауынша, төрт күннен бері Ғалымжанмен байланыс жоқ. Ғалымжан ешбір ақапартқа қол жеткізе алмай отыр. Қарлығаш Жақиянова, Ғалымжан Жақияновтың жұбайы: -Біз Ғалымжанның жағдайы қалай болып жатқанын, денсаулығы жөнінде қайдан білеміз. Кеше адвокат барып келді, екінші адвокат бару үшін арнайы құжаттарды қайта жинау керек деген. Осылай түрлі кедергі жасап, жағдайды қиындатып жатыр.

Қарлығаш Жақиянованың айтуынша, бұл істің артында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тұр. Осыған байланысты біз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметімен хабарластық. Бұл қызметің өкілі Ислам Бекішевтың пайымдауынша, оларда Ғалымжан Жақиянов жөнінде ақпарат жоқ. Ислам Бекішев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің маманы: -

Ғалымжан Жақиянов жөніндегі ақпаратты түзету мекемесінен білу керек, олар бізге бағынбайды, олар Әділет министрлігіне қарайды.

Бұл орайда, біз Қостанай облысындағы Құсмұрын кентінде орналасқан түзету мекемесінің басшысы Сергей Жаткоға телефон шалдық, алайда Жатко мырзаның телефоны жауп қайтармады. Бірақ түзету мекемесі бастығының жауабын бізден бұрын, онда барып келген парламент мүшесі Төлен Тоқтасынов алған екен. Төлен Тоқтасынов Құсмұрында болғанда Ғалымжан Жақияновпен кездесе алмаған, оның себебін түрме басшысы Сергей Жатко Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушісі Жорабаев мырзаның арнайы шығарған қаулысымен түсіндірген. Бұл құжатта Ғалымжан Жақияновқа қозғалған жаңа іс бойынша, тергеу ісіне қатысы жоқ адамдар Ғалымжан Жақияновпен жолығуына тиым салынады, делінген. Осыған байланысты парламент мүшесі Төлен Тоқтасынов көкектің 22 Республиканың бас прокуроры Рашид Түсіппековке депутаттық сауал жолдаған. Парламент мүшесі Төлен Тоқтасыновтың ойынша, бұл заңсыз жасалып отырған әрекет. Төлен Тоқтасынов, Қазақстан парламентінің мүшесі: -Шығарған қаулысы заң бойынша, тек іске қатысы бар азаматтарға қатысты болу керек. Ал маған депутат болғандықтан, іске қатысым жоқ болғандықтан шектеу болмау керек.

Ғалымжан Жақияновтың жұбайы Қарлығаш Жақиянованың ойынша, бұл әдейі жасалып отырған шара. Қарлығаш Жақиянова, Ғалымжан Жақияновтың жұбайы: -Тек Ғалымжан Жақиянов сырттан ақпарат алмау үшін, сыртқа ешқандай хабар бермеу үшін жасалып отырған әрекет. Осылай олар тек Ғалымжан Жақияновтың ғана емес, Ғалымжанның қасында отырған азаматтардың да құқын бұзып отыр. Менің ойымша, бұл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ғалымжанға жасап отырған әрекеті.

Қарлығаш Жақиянованың осы мәлімдемесіне байланысты біз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің маманы Ислам Бекішевтың пікірін білуге тырыстық. Ислам Бекішев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің маманы: - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ондай қаулы шығаруға құқығы жоқ. Телефонмен сөйлесемін деген кез-келген адамға тиым сала алмаймыз.

Қалай болғанымен, Қарлығаш Жақиянова жұбайының тағдырына алаңдап отыр.
XS
SM
MD
LG