Accessibility links

Қырғызстанның оңтүстігінде бүгін лай көшкіні бір ауылды шайып кетті. Төтенше жағдайлар жөніндегі қырғыз министрлігінің хабарлауынша, 33 кісі қаза болған сияқты.


Қырғызстанның оңтүстігінде бүгін лай көшкіні бір ауылды шайып кетті. Төтенше жағдайлар жөніндегі қырғыз министрлігінің хабарлауынша, 33 кісі қаза болған сияқты. Министрліктің өкілі Эмиль Ақматовтың айтуынша, ел астанасы Бішкектен 700 шақырым қашықтықтағы таулы Алай ауданына қарасты Бадалық ауылында лайшық көшкіні 12 үйді басып қалды. Қаза болғандардың толық саны әлі өзгеруі ықтимал. Апат болған ауылда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
XS
SM
MD
LG