Accessibility links

АҚШ және одақтастастар бұрынғы дұшпандарға деген өз іс-әрекеттерін өзгерте бастады.


2002-жылғы 11-қыркүйек шабуылдарынан кейін АҚШ президенті Дж.Буш, мен енді ешқашан Батысқа дұшпан Ал-Қайда немесе өзге ұйымдармен байланыспаймын деп мәлімдеген болатын. Дегенмен, АҚШ қазіргі кезде бұрыңғы Ирақ басшысы Саддам Хұсейннің Баас партиясынан, төменгі деңгейдегі кейбір мүшелерді Ирақтағы қайта құру шараларына қатысуға шақыра бастады.

Тіптен оның үстіне жексенбі күні Пәкістан Ауғанстан мен шегаралық аумақта тұтқындалған, және Ал-Қайдалықтармен жақын делінген 50 күдіктіні босатып та жіберген. Сондай-ақ, жексенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың өзі бұрыңғы талиптердің бекініс қаласы Қандағарға барып, төменгі дәрежелі талиптерді де Ауғанстанның негізгі қауымына қайта оралуға шақырған. Айтпақшы, сол Қандағарда президент Қарзай өткен жылы бір өлімнен қалған болатын. Хамид Қарзайдың талип және өзге топтар арасындағы жетекүілікте негізгі қас-дұшпандары қанша болуы мүмкін ? Ауғанстан президентінің өз есебі бойынша, ондай дұшпандар 150ден асатын көрінеді. Енді бұл жағдайға орай , - Талип бола ма, әлде басқа бола ма, бәрібір, кімде кім бұл елде тұрамын, жұмыс істеймін десе – оған жол ашық. Бұл - олардың өз елі, өз үйі. Ал Ауғанстанды қиратпақ , бомбы жармақ ниетте шет елдіктерге көмектесушілермен әрине, біз келісе алмаймыз, - дейді Ауғанстан президенті Қарзай.

Зерттеушілердің байқауынша, Пәкістан мен Ауғанстандағы бұл шараларды әрине АҚШ тікелей басқарып отырған жоқ. Бірақ Ирақтағы Саддамның бұрыңғы партияластарын Армия құрамына және өзге басқару орындарына шақыру арқылы АҚШ ол елдерге үлгі көрсетіп отырғандай. Алғашқы кезде АҚШ тың ол Баас партиясынан дегеннің бәрін қатарынан биліктен алыстатқандығы ақиқаттан алыс емес, әрине.

Бірақ қазірге дейін, Мемлекеттік департамент дерегіне қарағанда, Ирақтағы жаңа билікке Баастан жоғары дәрежелі мүшелер ғана жіберілмей отыр.

Ал ол үшін АҚШтың Ирақтағы әкімі Пол Бремерге көптеген айып тағылуда. Оның өзі бұл мәселеге орай былай дейді.

- Баас партиясын тарату жағдайына орай біркелкілік, әділеттілік жоқ деп мені кіналайды. Олары - заңды да болар. Бірақ менің бұл саясатым өзгермейді. Себебі, бұл Ирақтың болашағы үшін қажет. Өкінішке орай, ол саясат әліге дейін өз мақсатына жеткен емес, - дейді Пол Бремер.

Енді, талиптер мен ал-қайдалықтарға кешірімділік жасау шараларын Ауғанстан мен Пәкістан сол АҚШтың рұхсатымен жасап отыр емес пе екен, деген мәселеге келсек.

Вашингтондағы Като зертту орталығының вице президенті Карпинтердің тілшімізге айтуынша, президент Буштың көмекшілері ал-қайдалықтармен пікірлестерге қарсы қатаң жол ұстану мәселесінде екі удай ойда болған.

- Буш әкімшілігінің өзі Баас партиясын тарату жолында әсіре сілтеушілікке жол бергендігін енді түсіне бастады, - дейді Карпинтер.

Оның айтынша, Джордж Буш пен оның бас көмекшілері өз сыртқы саясатында ешқандай ағаттық бар деп есептемейді, бірақ Пол Бремер мен мемлекеттік департамент жариялаған кей мәлімдемелерде Баас партиясын жою кезінде бірқатар қателіктер болғандығы мойындалады.
XS
SM
MD
LG