Accessibility links

Алматы қаласындағы ЛА 155/6 кәмелетке толмаған жасөспірімдерді түзету мекемесінің тәрбиеленушілері наразылық акциясын жасады


Сейсенбі күні мәлім болғанындай, көкектің 25-інен 26-сына қараған түні ҚР Әділет министрлігінің Алматы қаласы мен облысы бойынша ЛА 155/6 кәмелетке толмаған жасөспірімдерді түзету мекемесінің тәрбиеленушілері мекемедегі ішкі режимге өз қарсылықтарын білдіріп, наразылық акциясын жасаған. Кейбір дерек көздерінің мәліметіне қарағанда, аталған колонияның 13 тәрбиеленушісі өз іштерін, қолдарын ұстара жүзімен тіліп тастаған.

Осы мәселенің анық-қанығын білмек болып көкектің 27-і ҚР Әділет министрлігінің Алматы қаласы және облысы бойынша ЛА155/6 кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді тәрбиелеу мекемесіне барғанымызда аталған мекеменің бастығы Қазақстанның Әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы мен облысы бойынша басқарма бастығы Ерғали Тілендіұлы Сағалбаев мырзадан ресми түрде жазбаша рұқсат алуымызды талап етіп, сұхбат беруден бас тартты.

-Барып Сағалбаев мырзадан жазбаша түрде рұқсат әкеліңіз. Онсыз мен ештеңе айта алмаймын. Қазақстанның Әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы мен облысы бойынша басқарма бастығы Ерғали Тілендіұлы Сағалбаев мырзаға хабарласқанымызда, Сағалбаев мырза аталған жасөспірімдерді тәрбиелеу мекемесінде алаңдайтын ештеңенің болмағандығын, жағдайдың қалыпты екендігін жеткізді.



-Өзім қаланың сыртында жүрмін. Бұл бір. Екіншіден, ештеңеде болған жоқ. Ондай жағдайлар болса медициналық көмектер көрсетілетін еді ғой. Аталған мекеме тәрбиеленушілерінің ата-аналарының айтуынша, мекеме қызметкерлері көкектің 26-сынан бері балаларымен кездесуге тиым салған. Бірақ себебін түсіндірмеген. Сол себептен балаларының тағдырынан бейхабар екендіктерін айтады. Тараздық келіншек көкектің 26-сы күнгі таңғы 8-ден бері ұлымен кезедесе алмай отырғандығын айтады. -Екі күн болды. Менің бұл жерде тұрақтайтын үйімде жоқ. Бүгін кездестірмесе не істейтінімді білмеймін.

Келесі Түркістаннан келген ана да баласымен кездесуге өтініш жазып, екі күннен бері жауап ала-алмай отырмын,- деді.

-Кездесуге өтініш жазғанмын. Бастықтың қол қоюға уақыты болмай жатыр,- дегеді айтады. Не болып жатқанын білмеймін.

Осылайша жаңбырдың астында отырған олар балаларының тағдырына алаңдаулы екендіктерін айтады.

Орын алған оқиғаға байланысты ЛА-155/6 жасөспірімдерді тәрбиелеу мекемесінде тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқан комиссияның мүшесі Халықаралық адам құқын қорғау және заңдылықты сақтау бюросы директорының орынбасары Жеміс Тұрмағанбетованың айтуынша, ЛА 155/6 мекемесінде кәмелетке толған тәрбиеленушілері заң бойынша басқа түзету колонияларына ауыстырылуы тиіс. Осыған байланысты кәмелетке толған тәрбиеленушілер наразылық ретінде ұйымдастырған. -Мекемедегі тәрбиеленушілердің барлығы дерлік қатысқан. Шымкенттен келген бір бала ішін тіліп тастаған. Ішінде бет-ауыздары мен денелері көгергендер де бар.

Заңгер Жеміс Тұрмағанбетованың айтуынша, тексеру комиссиясының жұмысы одан әрі жалғасуда.
XS
SM
MD
LG