Accessibility links

Ақтөбе қаласында жергілікті билік өкілдерін сынап мақала жазған Айдос Садықовтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті


Сейсенбі күні Ақтөбе қалалық сотының бірінші отырысынан кейін Айдос Садықов өзіне бірнеше жыл бұрын, яғни, 1997 және 1999 жылдары болған істерге айыпты деп кінә тағылып отырғанын “Азаттық” радиосына жеткізді.

Айдос Садықов, айыпталушы:

“Бірінші, 1997 жылы мені көршінің есігін мылтығымен атты деген бір істі шығарды. Иә, менің тіркеуден өткен винчестер мылтығым бар. Бірақ сараптама оқтың дәл менің мылтығымнан атылғанын айғақтаған жоқ. Барлық күәлер, оның ішінде жапа шегуші Раджибаева да мені көрмегенін мәлімдеді. Екінші 1999 жылы мені мейрамханада отырып, шанышқыны даяшыға лақтырып, оның тұйық жағы даяшының басына тиді дегенді айтады. Бірақ бұл істе де бірде-бір күә жоқ. Барлық сүйеніп отырғандары - өз қолдарымен жасаған мойындау қағазы”.



Оның айтуынша, “ақтөбелік сарапшылар мойындау қағазды жазған Садықовтың қолы емес деген”. Ол екі іс бойынша айғақтар аз болғандықтан, енді оны күшпен психиатриалық емдеуге көндірмек. “Енді оларға керегі мені емханаға жатқыздыру. Бірақ енді сарапшылардың сөзіне қарағанда, жатқызу керек емес”.

Оның қоғамдық қорғаушысы Жасарал Қуашынәлі:

“Мұның барлығы журналистке жасалып отырған қысым”, - дейді.

Жасарал Қуанышәлі, қоғамдық қорғаушы: “Бұл таза саяси тапсырыспен жасалып отырған сот. Оны жасап отырған – облыс әкімі Ермек Имантаев. Өйткені, былтыр Айдос “Правда Казахстана” газетінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Химчуктың, қала әкімінің бірінші орныбасарының қылмыстық ортамен байланысын, олардың қылмысты байлық арқылы билікке келгенін және оларды Имантаевтың қуыршақ қылып пайдаланып отырғанын жазды. Соған орай оның артына түсіп, жоқ жерден қылмыстық іс қозғады”.

Ол өзінің бұл істің басталуына күә болғанын айтты: “Көшеден оны ұстап алып, дедектетіп полиция бөлімшесіне алып барғанында мен сонда алты сағат отырып, сөйлесіп, шығарып алғанбыз. Бірақ онымен де тоқтамады. Ешқандай заңсыз нақақ Айдос есінен ауытқыған деген сотқа шешім шығартқызып, жындыханаға жатқызып, емдеу жөнінде ешім қабылдаймыз деп масқара жағдай болған”.

Ақтөбе облысытық прокуратурасының атын атамауды өтінген, бірақ осы іспен айналысқан прокурор “айыпталушы Айдос Садықовтың журналистикаға қатысы бар дегенді алғаш естіп тұрмын, бірақ оның психикалық ауытқушылығын дәлелдейтін құжаттар бар”, - дегенді айтты. Ақтөбе қалалық прокуратурасының қызметкері:

“2003 жылдың тамыз айының 13-дегі сот-медицина сараптамасында оның қоғамға “әлеуметтік қатер төндіретіндігі, сондықтан психиатриалық емдеуге жатқызылатындығы” жазылған”. Оны “есінен ауысқан” деп мен немесе басқа біреу емес, сот-сараптамалық комиссиясы айтып отыр”.

Сондай-ақ ол айыпталушының 1997 және 1999 жылы мас күйінде бұзақылық жасағаны жөнінде фактілердің тіркелгенін тілге тиек етеді.



Соынмен прокурор мен айыпталушы жақтық пікірі екі түрлі. Бірақ екі тарап та соттың әділ шешім шығаратынына үміт артады. Соттың келесі отырысы мамыр айының 4-де белгіленіп отры.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG