Accessibility links

Бүгін БҰҰ-ң әлемдік азық-түлік бағдарламасы Солтүстік Кореяда болған поездағы жарылыс құрбандарына көмектесіп қолұшын беруге шақырды.


Өткен бейсенбіде поезд үстіндегі мұнай – химиялық заттардың жарылысынан 1300 дей адам түрлі жарақат алып, 161 адам опат болды, олардың тең жартысына жуығы балалар еді. Бүгін Әлемдік азық-түлік бағдарламасының аймақтық директоры Тони Банбери зардап шеккендерге көмекке бір мың тоннадай азық-түлік қажет деп айтқан: -Біз бүгін Солтүстік Кореядағы төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек көрсету науқанын бастап отырмыз, бір мың тоннадай азық-түлік қажет, оның 330 тоннасы төтенше сұраныстарға, дағдарысты жайда қалғандарға және апат орнында жұмыс істеп жатқандарға бағытталатын болады. Ресейден медициналық құрал - жабдықтар мен дәрі-дәрмек, азық түлік бар 13 тонна көмек келіп жеткен. Солтүстік Кореяға қазір негізінен керегі медициналық жабдықтар көрінеді. Қытай ,АҚШ, Жапония, Австралия да көмек қолдарын созып отыр, Солтүстік Корея тек Оңтүстік Кореяның көмегін алудан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG