Accessibility links

Брахими Ирақтың уақытша үкіметі үшін жедел жоспар белгіледі.


БҰҰ –ның өкілі Лағдар Брахими жедел түрде Ирақтың уақытша үкіметін бекітіп ол үкіметке Ирақ билігін АҚШ бастаған одақтастардан қабылдап алу тәрізді күрделі мәселені қолға алуды тапсыруды ұсынды.

Сейсенбі күні БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде осы ұйымның Ирақтағы өкілі Лағдар Брахими осы айдың аяғына шейін жедел түрде Ирақтың өтпелі үкіметін құру керек деді. Содан кейін ол үкімет Ирақтағы билікті АҚШ бастаған одақтастардан қабылдап алуы керек деді. Ол уақытша үкіметті президентпен оның екі вице президенті басқаруы керек екенін айтты. Ол үкіметтің мүшелері Ирақтағы беделді тұлғалардан жасақталуы керек деді Брахими. Бұл тұлғалардың кадидатурасын БҰҰ Ирақтың кәзіргі басқарушы Кеңесі Ирақтағы Одақтастардың уақытша әкімшілігі өзара ақылдаса отырып шешуге тиіс деді Брахими:

"Маусымның басына дейін бұндай үкімет жасақталғаны және мақұлданғаны жөн , өйткені ол үкімет маусымның 30 нан кейін не істеп не қоятынын БҰҰ және басқыншы күштермен ақылдаса отырып талқылауға уақыты болады"

Брахими өзінің Ираққа барған сапарлары кезінде көптеген ирақтықтар қоғамның барлық салаларын қамтитын 1000 кісіден тұратын ұлттық конференция шақыру идеясын ұсынғанын айтты. Осындай ұлттық конференция жоспарын Ирақта құрылған дайындық комитеті кәзір түзу үстінде деді.

Басты мақсаты ұлттық бірлікті қалыпқа келтіру болып табылатын ол конференция шілде басында өтуге тиіс Брахими: "Ирақ қоғамының барлық саласынан тартылған өкілдер конференцияда жүздесіп Ирақтың азапты өткені мен ел болашағын талқылауы керек"

Брахими, соныңмен, бұл уақытша үкімет негізгі мәселелерді шешуді алдағы жыл басында сайлануға тиіс жаңа үкіметке дайындауға тиіс деп біледі.

Енді АҚШ ның Ираққа тағайындаған елшісі Джон Негропонттің пікіріне жүгінелік:

"Біз елші Брахими талпыныстарын мейлінше қуаттаймыз", - деді АҚШ елшісі.

Брахимидің жаңа Ирақ үкіметін қалыптастыру жоспарын тыңдағаннан кейін БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесінің кәзіргі президенті Германия елшісі Гунтер Плеугер Қауіпсіздік Кеңесі Брахими ұсыныстарын толық қолдайды деді.

Сондай-ақ, Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде БҰҰ ның елшісі Брахими АҚШ ның Ирақта соғыс әрекеттерін күшейте бастауын қолдамады.

"Бүгінде шайқасқа ұласқан бұл текетірестің соңы егер ол бейбіт түрде шешілмесе үлкен қантөгіске апарады" деді елші.

Сондай-ақ, БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесі Ирақтың 8 кісіден тұратын тәуелсіз сайлау комиссиясын құру жәйлі шешім қабылдады. Ирақта сайлау келесі жыл басында өтуге тиіс.
XS
SM
MD
LG