Бірақ соңғы сәтте алынған хабарға қарағанда, Фаллуджада АҚШ қосындары мен ирақ қарулылыары арасындағы шайқас қайта жалғасқан.
Гола ауданына АҚШтың Ф-16 соғыс ұшақтары әуеден соққы берген.
Британия бас министрі Тони Блэр парламент алдында, кешегі АҚШ әуе шабуылдарын бүлікшілдердің кесірінен деп ақталған.
– Мендегі бар хабарға қарағанда, тіптен Фаллуджадағы көптеген тұрғын бүлікшілдер өз қаруларын тапсырып, екі жақтың келіссөзге отырғандығын қалайды екен - дейді Тони Блэр.
Украина қорғаныс министрлігінен хабарланғанындай, Бағдаттың оңтүстік шығысындағы шайқаста бір Украин сарбазы қаза тапқан. Бұл соңғы 1 айда опат болған екінші Украин азаматы.
АҚШтық генерал Марк Киммиттің айтуынша, Фаллуджадағы жағдай әлі де болса өте күрделі қалпында қалып отыр. Дегенмен, АҚШ күштері мен Ирақтық жергілікті сунни қауымы жетекшілері арасында келіссөздер жалғасуда.
АҚШ күштері әсірешіл шииттер жетекшісі Моқтада ал-Садрдің туған қаласы Наджапты қоршап алған. Ал – Садрдің өкілі Қайс ал-Ғазали болса, егер АҚШ күштері Наджаф қаласына басып кіретін болса бомбы жарғыш жанпидашылардың қарсы соққысына душар болады деп ескерткен.
- Өз жанын пида етіп шабуылға шығатындар саны күн сайын көбейе түсуде. Бірақ біз оларға АҚШ күштері , дінбасылар айтатындай, қызыл сызықтан басып өткенше күте тұрыңдар деп өтініп отырмыз, дейді Ғазали.
АҚШтық теңізші майор Джонсонның айтуынша, өткен түні Ей Ес 130 ұшақтары бомбы соққысын бергеннен соң бір қатар екінші дәрежелі жарылыстар болған. Бұл күнгі шабуылдарда бір ғана Наджаф қаласында кемінде 64 адам қаза тапқан.