Accessibility links

“Ақжол” демократиялық саяси партиясының тең төрағалары Қазақстан экономикасы мен саясатына әділ бәсекелестік болуы қажет деп есептейді


Қазақстанның экономикасы мен саясатына әділ бәсекелестік қажет. «Ақжол» демократиялық саяси партиясының тең төрағалары Әлихан Бәйменов, Болат Әбілов және Людмила Жулановалар көкектің 29-ы күні Астанадағы Тұрар Рысқұлов атындағы экономикалық университетінде жастармен болған кездесуінде осылай деп мәлімдеді. Саяси партияның тең төрағаларының бірі Әлихан Бәйменов, адам басына шаққанда жылына 3 тоннадан мұнай өндіріп жатқан жер қазбаларына бай елде, егер енді он жылдан соң жан басына шаққанда 10 тоннадан мұнай өндірілетін болса әр қазақстандық алдына қазіргіден де үлкен міндеттер қоюы қажет деп есептейді. Бұл жолда «Ақжолдықтар» парламенттен, билік басындағылардан талап ете білу керек деген үндеу тастап отыр.

Партияның тең төрағаларының бірі Әлихан Бәйменов, Қазақстанның әлеуеті жоғары, ауқымды істерге қол жеткізуге болады деп есептейді. Ол үшін азаматтардың саяси және экономикалық құқықтарын жүзеге асыру тетіктері жасалауы тиіс дейді.

Бәйменовтің айтуынша, бүгінгі қателіктер биліктің қазіргі саяси жүйеде өздерінен халықтың талап ете алмайтынын білуімен байланысты.

«Әртүрлі әкімдер мен министрлер, жоғары лауазымдағы адамдар туралы қаншама мақалалар шығып жатыр. Алайда, айтылғандарды жоққа шығарып түсіндіріп жатқан ешкім жоқ. Халықтың алдына шығып ақталып жатқаны жоқ, себебі оған қажеттілік жоқ. Өйткені, олардың өмірінде, қызметінде көпшілік пікірі әзірге ешқандайда маңызды емес» дейді Әлихан Бәйменов.

Ал, сұраныстың болуы үшін бірігіп, талап ете білу қажет. Парламенттің, жергілікті биліктің құрылуына әсер ету керек. Сол кезде ғана билік мәжбүр болады дейді Бәйменов мырза.

Оның пікірінше Қазақстанда әкім де министр де бола алатын адамдар 100 деген мың, бірақ оларға сұраныс болмай отыр, ал жекелеген адамдар ғана сол қызметтерді атқарып айналыста жүр.

«Ақжол» демократиялық саяси партясы тең төрағаларының бірі Болат Әбілов, «осыдан он жыл бұрын Қазақстанда сапалы білім мен денсаулық саласы қалыптасатынына сенген едім. Бұрын кеңес одағы кінәлі деп келді, енді тәуелсіздік алғалы да біраз уақыт өтті. Тарих үшін аз уақыт болғанмен жеке тұрмыс үшін ұзақ мерзім. Ендігі кінәлі кім. Оған саяси жүйе кінәлі» дейді.

Әбілов, бәскелестік қоғамды алға жылжытады. әлемде жағдай жедел өзгеріп жатыр, ал Қазақстанда ол баяу жүруде деп есептейді.

«Бізге экономикалық реформаға саяси жүйеге тиіспеңдер дейді, себебі саяси реформа басталса елдегі бейбіт келісімдікте конфессияаралық үйлесімдікте тұрақсыздық басталады деседі. Біз бұлай есептемейміз. Қазақстандағы тұрақтылық ол биліктің емес халықтың арқасы» дейді Болат Әбілов.

Әбіловтың сөзіне қарағанда, Қазақстан экономикасына инвестиция құйып жатқандар қазақстандық инвесторлар.

Астана жоғары оқу орындарының студенттері «Ақжол» партиясының жетекшілері айтқан пікірлерді қуаттайтынын айтса, енді бірі қазіргі биліктің жүргізіп отырған саясатын қолдайтындарын айтты.

«Ақжол» демократиялық саяси партиясы әділ сайлаудан өтуінен үмітті екендіктерін айтады. Сайлаудан соң парламентте өз фркацияларын құру ниеттері барын мәлім етіп отыр. Партия жетекшілерінің айтуына қарағанда бүгінгі күнге дейін 15 заң жобасын дайындап ұсыныпты.
XS
SM
MD
LG