Accessibility links

Астана қаласы ауқымында жеке меншік үй құрылысы жүргізілетін жерлерді бұдан былай аукционда сату көзделуде.


Астанада жер алуға кезекке тіркелгендердің саны 17 мыңға жетіпті. 1998 жылдан бері жыл сайын мыңға жуық тұрғынға жер беріліп келген. Қалалық мәслихаттың көкектің 29-ы күнгі отырысында Астананның жаңа әкімі Өмірзақ Шүкеевтің ұсынысы қабылданды. Осы ұсынысты жариялаған Астана әкімінің орынбасары Марат Төлебаевтің айтуына қарағанда бұдан былай жер учаскесін ақшаны неғұрлым көбірек төлегендер алады.

Қалалық маслихаттың депутаты Бауыржан Смайыловтың ойынша, бұған дейін қалаға іргелес жатқан елді мекендерден жер алып орта есеппен 10 мың долларға үй салуға мұршасы жететін адамдар, енді бұл мүмкіншіліктен қағылатын болады. Бұл әделітсіз дейді Астана қаласының маслихат депутаты Бауыржан Смайылов.

-Қанша жер сатылса сонша жер қарапайым халықққа берілу керек, өкінішке орай менің ұсынысым өткен жоқ. Енді бұл мәселені комиссия шешеді.

Аукционнан түскен қаражат, салынатын үйлерге құбырлар мен электр сымдарын тартуға жұмсалады деп жоспарланған. Жер бөлу ережелерінде, сатылатын жерлердің бастапқы құнына осы коммуникация шығыны да кіретін болады деп жазылған. Және бір өзгеріс, жер бөлу мәселесін енді бір адам шешпейді дейді жермен қамтамасыз ету бағдарламасының авторлары. Астана әкімінің орынбасары Марат Төлебаевтің айтуына қарағанда, жерді тегін беру шешімін бұрынғыдай бір шенеунік емес, арнайы құрылған комиссия қабылдайды.

Комиссия құрамына қалалық маслихат депутаттары, жер комитетінің мамандары және қалалық сәулет басқармасының өкілдері кіреді. Қазақстан парламентінің мәжіліс депутаты Татьяна Мужчильдің пікірінше, комиссия құрамындағы адамдар саны жеткіліксіз. Бұл ережелердің барлығын заңға сәйкестігін тексеріп алу керек, дейді депутат. Өйткені, кедейлерге жер бөлу туралы шешімін маслихаттың бір топ депутатының шешуі ертең дау туғызуы ықтимал. Қазақстан парламентінің мәжіліс депутаты Татьяна Мужчильдің пікірінше, комиссия әлеуметтік қорғаудағы адамдармен қалталы азаматтарды қалай іріктейтіні белгісіз.

Астана әкімінің орынбасары Марат Төлебаевтің пікірінше, жер бөлу жұмыстарында туындайтын мәселелерді алдын ала, заң тұрғысынан толық ескеру мүмкін емес. Жұмыс барысында туындаған мәселелерді біртіндеп шешу қажет дейді ол. Қазақстан парламентінің мәжіліс депутаты Татьяна Мужчильдің пікірінше, бұл ережелердің заңға сәйкестілігін тексеріп және оны бұрмалау жолдарын азайту керек. Депутаттың пікірінше, жерді тегін алатындар оны қайтадан саудаға салуы мүмкін.

Жер алған адамдар үй салатын жобаларын 3 ай ішінде дайындап үлгірмесе, жерін қайтадан жоғалтып алу қаупі бар. Астана әкімшілігінің шешімімен дер кезінде үй салмаған адамдардың жерлері қайта алынады. Астана қаласының маслихат депутаты Бауыржан Смайыловтің пікірінше, үй салуға арналған жер учаскелерінің қазіргі қойылған құны қала тұрғындары үшін едәуір қаражат.

-Жердің бір шаршы метрінің бағасы 30 доллардан кем болмайды. 10 соткаң 30 мың доллар. Бұл ақшаға қандай қарапайым адам үй салу үшін, жер сатып алады.

Астана әкімі Өмірзақ Шүкеевтің ойынша депутаттар жауапкершіліктен қашпай, жаңа ұсынысты қабылдағаны жөн. Өйткені, осы уақытқа дейін қолданылып келген қайтарусыз берілетін жерлер жүйесі нағыз жемқорлыққа апаратын жол дейді әкім. Ал Астана тұрғындарында бұл шешімге қатысты өз пікірлері бар.

-Онда бұл үйлердің бәрін бай адамдар алып қояды. -Центрден жер берсе де қарапайым адам сала алмайды көрнекті етіп, -коммуникация бәрі өтіп тұрса, дұрыс деп ойлаймын. -Мүмкін ол да дұрыс шығар, ол газсыз сусыз, жарықсыз ол үйде тұруға мүмкін емес.

Дербес тұлғалардың сыртында, жер заңды тұлғаларға да сатылады. Бұл жағдайда да сұранысы мол жерлер аукционда сатылатын болады. Ал кейбір жағдайда үкімет аралық келісімдерге орай, не болмаса елшілерге ғимарат салу қажеттігі туған кезде, жер бөлу мәселесін комиссия шешеді.
XS
SM
MD
LG