Accessibility links

Оңтүстік Кореяның ресмилері Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламсына қатысты алты мемлекеттің өкілдерімен келіссөздердің кезекті айналымы мамырдың 12-де Бежінде болады деп айтқан.


Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрінің орынбасары Ли Су Хюк қос Корея мен АҚШ, Жапония жане Қытай мен Ресейдің жұмыс тобы Бежінде бұл мәселе турасында келіссөз өткізуге өзара келісті деп атап көрсеткен. Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі әңгімелер 2002 жылы қазан айында Америка Солтүстік Кореяға ядролық бағдарламаны тоқтату жөніндегі келісімдерді бұзды деп айып таққаннан кейін дағдарысқа тірелген болатын. Бұған дейін жүргізілген екі келіссөз де айтарлықтай нәтиже бермеген-ді
XS
SM
MD
LG