Accessibility links

Индонезия полициясы Жәмия Исламия экстремистік тобының рухани жетекшісі деп күдіктелген Абу Бакар Баширді ертең ол түрмеден босаған сәтте қайта тұтқындайтындықтарын айтқан.


Абу Бакар иммиграция талаптарын бұзғаны үшін бір жарым жылға сотталған болатын. АҚШ пен Австралия 2002 жылы Балидегі 200-ден астам адамның өмірін алып кеткен лаңкестік жарылыстар жане тағы да бірқатар осындай шабуылдар діни көсем Башир негізін қалаған Әл-макмин діни мектебімен байланысты деп есептейді. Башир өзін лаңкес деген айыптаулармен келіспейтіндігін айтады. Ал оның қолдаушылары болса, Америка Башир Американың Таяу Шығыстағы саясатын қатты сынағаны үшін оған қарсы дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG