Осы айдың өзінде осымен Ирақта американың 126 жасағы қаза тауып отыр.
Полиция өкіліне сілтеме жасап, Фаллуджа қаласының жанында бақылау-өткізу бекетінде америка жасақтары миниавтобусты атқылады, соның салдарынан төрт бейбіт тұрғын опат болды деп хабарлайды Рейтерс жане басқа да жаңалықтар агенттіктері.
Бағдадтан солтүстікке қарай Бақуба қаласына жақын жерде бір солдат пен бір тұрғын жол үстіндегі жарылыс құрбаны болған. Хабарларға қарағанда тағы бірнеше жауынгер жарақат алған. Ал Басрада белгісіз біреу бір шетелдікті атып өлтірген. Британия әскерилерінің айтуынша, ол оңтүстік африкалық азамат болса керек.
АҚШ әскерилерінің айтунша, Бағдадтың оңтүстігіндегі Махұмдия мен солтүстігіндегі Бақубада шабуылдар кезінде американың 10 әскері опат болған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр