Генерал-майор Джон Саттлердің айтуынша, Фаллуджада көтерілісшілермен шайқасып жатқан жасақтар қосымша күштердің қолдауын сұраған. Дегенмен де, американдық шенеуніктер жалпылай шабуылдар жасалған жоқ, өйткені көтерілісшілердің ауыр артиллерия, қару жарақ түрлерін қолдануы қаупінен сақтану қажет болды деген.
БҰҰ-ң Бас хатшысы Кофи Аннан кеше ұрыс- қақтығыстардың жағдайды шиелендіре түсетінін айтып, АҚШ әскерилерін біршама ұстамдылыққа шақырған болатын.
Бұл аралықта шиит мұсылмандарының діни жетекшісі Мұхтад ас-Садр өз милициясымен қорғанып жатқан Наджаф қаласын АҚШ-ң 2.500 әскері қоршап тұр.
Ал Ирақтың Құт қаласының жанында Украинаның екі жасағы опат болып, біреуі жараланған.