Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш пен вице-президент Дик Чейни үш сағатан артық 2001-і жылдың 9 айдың 11 күнгі лаңкестік шабуылдарды зертеп жатқан тәуелсіз комиссия алдында жауап берді.


Отырыс жабық есік жағдайында Ақ үйде өтті. Баспасөз маслихатында Буш комиссия жұмысына өзінің қанағаттанатындығын білдірді. Өз мәлімдемесінде Буш : " Бұл өте жүрек жарды әңгімелесу болды. Қойылған сұрақтар менің көңілімнен шықты. Және менің ойымша, бұл оларға менің қалайша Ақ үйді басқаратындығымен және біздің қалайша қауіптермен бет-бепт келетіндігімізді ұғынуға көмек берді." Буштың айтуынша, комиссияны әсіресе Құрама Штатарды болашақта қалайша жақсырақ қорғау мәселесі қызықтырған. АҚШ президенті сондай-ақ, Құрама Штатарда жасырынып жүрген Әл-Қайданың мүшелері жоқ, деп еш кепілдме бере алмайтындығын айтты. Ол, АҚШ шабуылдардан толық қорғана алмайды, деді. Буш пен Чейни ант алдында жауап берген жоқ және олардың мәлімдемелері үн таспаға жазылып алынған жоқ. Тек құжатқа түсірілді. Буш алғашқыда, әкімшілік мүшелері жауап беретін комиссияның құрылуына қарсы балып еді.
XS
SM
MD
LG