Accessibility links

Орталық Азия аймағындағы байланыстардың солғын тартуы дамыған елдердің аталған аймаққа ықпалын күшейтіп жіберді дейді бірқатар сарапшылар.


Орталық Азия аймағындағы байланыстардың солғын тартуы дамыған елдердің аталған аймаққа ықпалын күшейтіп жіберді дейді бірқатар сарапшылар. Алматыда ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саясат жөніндегі Консультативті кеңестің кезекті мәжілісінде Орталық Азия аймағындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың басқаруымен өткен бұл басқосуға ҚР Парламенті депутаттары, саясаттанушы-ғалымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты.

Бұл жиынға қатысушылар жалпы соңғы кездегі Қазақстанның сыртқы саясатындағы Орталық Азия аймағындағы байланыстардың солғын тартуы дамыған елдердің аталған аймаққа ықпалын күшейтіп жіберді деген пікірлерін білдірді.

Сондай-ақ олар Қазақстан үлкен көршілерімен және ірі мемлекеттермен қарым-қатынасын нығайтуға ұмтылып, Орталық Азия елдерін ұмытып кетті деген сындарын да айтты.

Өз кезегінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев бұл мәселелер жөніндегі ресми Астананың ұстанымын жан-жақты айта келіп, көзқарасын былай білдірді:

-

Қазір Орталық Азия аймағындағы елдер ықпалдастықтан бұрын өзара ымыраластыққа бой ұрды. Бұл реттегі Қазақстанның олармен байланысы ойдағыдай деп те, не осал деп те айта алмаймын. Бірақ жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Қазақстанның сыртқы байланысындағы бірінші кезекте қарым-қатынас орнататын елдердің реті мынадай: Ресей, АҚШ, Қытай, Орталық Азия елдері және басқалар. Бұл ресми Астананың ұстанымы. Ал, Орталық Азия елдерінің басты проблемаларын тізбелесек былай болып шығады:

1. Кедейлік, 2. Есірткі саудасы, 3. Су ресурстары, 4. Заңсыз миграция, 5. Адам саудасы, 6. Діни экстремизм, 7. Терроризм.

Бұл мәселелермен күресті тек дипломаттар ғана жүргізбей, еліміздің экономист-ғалымдары, саясаттанушылар да атсалысса деген тілегім бар.
XS
SM
MD
LG