Accessibility links

Батыстық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, АҚШтық әскерлер Ирақтың оңтүстігіндегі Фаллуджа қаласынан кері қайтты.


Олар ол арада соңғы 3 апта бойы тұрды. АҚШтық сардар, полковник Бирнның айтуынша, әскери басшылық қауіпсіздік шараларын атқару міндетін уақтынша Ирақ күштеріне бере тұруға келіскен. Бірақ кеше бейсенбіде ол аудандағы шайқастар мен әуе шабуылдары одан әрі жалғасқан. АҚШтық теңізші күштер 4 американдық қызметкер қатыгездікпен өлтірілгеннен соң сәуірдің басынан Фаллуджаны қоршап алған болатын. Қалада 1500дей қарулы бүлікшіл бар дейді. Дәрігерлердің есебі бойынша, соңғы айда Фаллуджада болған шайқастарда 600дей адам опат болған. Бағдат маңайындағы кешегі шабуылдарда американдық кемінде он сарбаз қаза тапқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG