Accessibility links

Бағдадтың Абу Граиб түрмесіндегі жағдай: Қорлау ма, aзаптау ма?


Бағдадтың Абу Граиб түрмесінде АҚШ пен Британия әскерлері тұтқын ирақтықтарды қорлап жатқан суреті бүгіндері әлемді шарлап кетіп халықаралық дәрежеде сын дауылын тудырды. Соныңмен осы суретте көрсетілген жағдаят одақтастар солдаттарының тұтқындарды масқаралау ма әлде азаптауы ма деген сауалды туындатты.

Суретте бейнеленген Бағдад түрмесіндегі жағдай туралы Ирақ Басқарушы Кеңесінің мүшесі Гази Ал Явар былай дейді:

"Біз АҚШ Ирақ халқы алдында осынау тұтқындардың құқы аяқ асты болғаны үшін ресми түрде кешірім сұрауы керек деген талап қоямыз!"

Бүгінде дүниені шарлап кеткен Бағдадтың Абу Граиб түрмесінде түсірілген суретте ирақ тұтқындары жалаңаш көрсетілген. Олардың жанында күліп АҚШ солдаттары тұр. Яғни тұтқындар зорлықпен жыныстық қатынасқа тартылған деген пікір туындайды. АҚШ президенті Джордж Буш осынау адамның төбе шашы тік тұрарлық әрекетке барған жауынгерлердің жазасын беруді Пентагоннан талап етті. Осы жағдаятқа тікелей қатысты 6 американдық жауынгер айыпты деп табылды. Нью Йоркте орналасқан Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы алдымен дабыл қақты. Осы ұйым өкілі Джеимс Росс бұл суретте көрсетілген жағдаят масқаралау ма әлде азаптау ма алдымен осының ара жігін ажырату керек дейді. Мәселенің масқаралау ма азаптау ма деп қоюлының мәні бар. Өйткені, Женева конвенциясының 3 бабында көрсетілгендей тұтқындарды қорлауға, азаптауға олардың намысын таптауға болмайды делінген.

Amnesty International немесе Халықаралық кешірім ұйымының Вашингтондағы өкілі Алистаир Ходжет:

"Абу Граиб түрмесінде орын алған бұл жағдай тәрізді жағдайларды Мемлекеттік департменттің жылдық баяндамасында АҚШ өзі азаптау деп бағалағы аян" дейді бұл Халықаралық кешірім ұйымының өкілі.

Соныңмен әлемдегі ең беделді осынау екі адам құқықтарын қорғай ұымының екеуі де бұл Абу Граиб түрмесінде орын алған жағдайды тұтқындарды азаптау деп бағалап отыр. Және бұл жағдаятты тәуелсіз тергеушілер тексеруі керек деп біліп отыр. Соныңмен, Бағдадтың ирақ тұтқындары қамалған Абу Граиб түрмесінде ирақтықтарды масқаралаумен айналысқан 6 американдық жауынгер енді әскери сот алдында жауапқа тартылатын болды.
XS
SM
MD
LG