Accessibility links

Бағдад маңындағы Абу Граиб түрмесінің сыртында тұтқындардың отбасы шеру өткізді.


Абу Граиб. Бағдад. АҚШ билігіндегі Абу Граиб түрмесінің сыртында жүздеген ирақтық түрмедегі жағдайға қарсылық шеруін өткізді. Лондонда Британия әскері ирақтақтарды жазықсыз өлтірді деп 14 ирақ отбасы Британ сотына арыз түсірді. Осының бәрі Абу Граиб түрмесінде түсірілген суреттерде ирақ тұтқындарын қорлап жатқан АҚШ және Британия солдаттарының бейнелері жарияланғаннан кейін туындап отырған толқулар. Осыған орай АҚШ президенті Джордж Буш бүгін екі араб тілді телеарна арқылы сөз сөйлемек. Ол телеарналардың бірі- Дубайдың Ал Арабия телеарнасы болса, екіншісі - АҚШ өзі қаржыландырып отырған араб тілді Ал Хурра телеарнасы.
XS
SM
MD
LG