Accessibility links

Грузияның Аджария өлкесінде қарсылық шерулері күш алуда.


Тбилиси. Грузиядан бүгін келіп түсіп жатқан ақпараттарға қарағанда аутономиялық Аджария өлкесінің басшысы Аслан Абашидзеге қарсы осы өлкеде шерулер белең алған. Өлке орталығы Батумиде жергілікті үкіметтің қарсылығына қарамастан түнімен мың қаралы адам шеру өткізген.

Грузия президенті Саакашвили болса Абашидзеден мамырдың 12 не дейін Аджариядағы қарулы топтарды таратып Грузияның орталық үкіметіне бағынуды талап етті. Ал, Абашидзе болса Аджарияда төтенше жағдай жариялады. Грузия үкіметі Аджариядағы Абашидзеге қарсылық шерулерін ашық қолдап отыр. Грузиядан соңғы минуттерде келіп түскен мәлімет бойынша Грузия қауіпсіздік Кеңесінің жетекшісі Вано Мерабишвили мемлекеттік телевидение арқылы мәлімдеме жасаған. Мәлімдемесінде Мерабишвили Аджария басшысы Аслан Абашидзе қан төгіс болмасын десе екі-үш сағат ішінде президент Саакашвилиге бағынсын деген талап қойған.
XS
SM
MD
LG