Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш араб тілді Ал-Арабия теледидарынан шығып, Американың Мұсылман әлеміндегі атақ-абыройын қорғауға әрекет жасады.


Дж. Буш ирақтық тұтқындарға зорлық-зомбылық көрсеткен АҚШ әскерлері әділ сот алдында жауап береді деді.

- Біз бұл мәселені түбегейлі зерттеп, ақиқатына жететіндігімізді Таяу шығыс елдеріне сендіре айтамыз. Олар американдықтар сықылды шындықты білетін болады,

- деді президент Буш.

АҚШ президенті АҚШ қаржыландыратын Әл-Хүрра теле арнасы мен Дубайдағы Әл-Арабия теледидарына берген сұхбаттарында Бағдадтағы түрмеде болған оқиғаны "жексұрындық іс" деп сипаттады. Абу Ғрайб түрмесіндегі АҚШтық күзетшілердің ирақтық тұтқындарға жасаған күш көрсетулері дәйекті суреттерде жарияланғаннан кейін Ирақта, араб елдері және АҚШтағы жұрттың ашу-ызасын туғызған болатын.
XS
SM
MD
LG