Accessibility links

Қазақстанда алдағы Парламент Мәжiлiсiнiң сайлауына байланысты дайындық басталып кетті.


Мамырдың 6-сы күнi Астанада сайлау құқы бар азаматтардың тiзiмiн жасайтын және олардың жеке куәлiктерiне штрих-кодтар жапсыратын пункттер ашылып, жұмыс iстей бастады. Штрих-кодттар қағаз арқылы жапсырылып жатыр. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының өкілдері түсіндіргендей мұндағы басты мақсат бір адамға тек бір рет дауыс беруіне жағдай жасау.

Қазір сайлау жүйесін жаңарту мәселесі саяси емес, техникалық сұраққа айналған дейді кейбір бақылаушылар. Қазақстан территориясын толығымен телекоммуникациялық жүйемен қамтамасыз ету үшін уақыт қажет дейді мамандар. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуына қарағанда, телефон желілерің интернетке қарағанда қауіпсіздігі жоғары.

- Әрине әр бір жүйені жоюға болады, бірақ оған қаржы және уақыт керек. Бұл жүйе интернетке қосылмаған. Қазақтелеком басқа желілер береді. Ол желілер қорғалған.

Жоба құны 4 млрд. теңгеден асады. Бұл қаражат дауыс беретін әр кабинаны компьютермен, принтермен және Беларусия мамандары дайындаған компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуге жұмсалуға тиіс. Қазақстанда осындай кабиналар тұратын 10 мыңға жуық сайлау учаскелері бар. Бұдан былай ондағы ақпаратты өзгертуге болмайды дейді комиссия мамандары. Ал осы жүйеге сарапшы ретінде шақырылған техникалық ғылымдардың докторы Алтынбек Шәріпбаевтің бұл жүйеге қатысты өз пікірі бар.

-Ол егер тұрақты істеп тұрса онда оған кіруге болады. Ал бір күн істейтін бағдарламаға ешкім кіріп үлгірмейді. Бірақ, соның бәрін осы қазақстандық мамандар жасауға болатын еді, олар Беларустарға беріп қойыпты ғой.

Астана қаласының көші-қон полициясының бастығы Сиражиддин Сұлтанов түсіндіргендей электронды жүйенің басты мақсаты адам факторын азайту.

-Штрих кодтары жоқ адамдар сайлауға қатыспайды. Құжаттарының мерзімі өткендерде жоғалтып алғандарда қазір уакқыты бар. Сол штрих код арқылы жазылған кісі басқа жерден дауыс бере алмайды. Компьютер оның даусын қабылдамайды.

Сондай-ақ, соңғы уақытта сайлауға қатысатын адамдар санын ұлғайту шаралары қолға алынып жатыр дейді Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

-Қазір сайлаушылар тізімін қалыптастыру принципі өзгерген. Бұрыңғы заң бойынша, тұрғылықты мекен жайы бойынша тізімге кіргізілетін қазір оған тіркеу фактісі негіз болады.

Кейбір бақылаушылардың пікірінше, Астанаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жұмыс іздеп кезіп жатыр. Оның көбі құрылыс жұмыстарында істейді. Олардың дені Астанаға тіркелмеген. Ал сайлау кезінде олар өз бетімен барып, тіркеуден өтеді дегенге күмән бар дейді олар. Олар түгілі Астанада жан-жақтан келіп, мемлекеттік қызметте тағы басқа қызметтерде жүрген азаматтардың көбі жергілікті жерде тіркелмеген. Астана қаласының статистика басқармасының бастығы Әнуарбек Дәуренбековтың пікірінше, сайлауға қатысатын адамдар санының азайып қалуы әбден мүмкін.

-Жалпы 250 мыңнан кем адам болуға тиісті емес сайлауға баратын. Бірақ, олар амалсыздан бара алмайды, өйткені есепке отырмаған. Мынау құрылыста қанша адам жүр.

Сайлауға қатысатын адамдарды тізімге алу жұмыстары былайша жүргізіледі: Жұмыс істейтіндер кәсіпорындардың кадр бөлімдері арқылы, зейнеткерлер зейнет ақысын алатын орталық арқылы, бір бөлігі елді мекендерге жақын орналасқан сайлау учаскелері арқылы тізімге алынады. Қалғандарын пәтер иелерінің кооператив қызметкерлері үйлерін аралап жүріп тізімге улаға тиіс. Бірақ, санақ жүргізуде көп тәжірибе жинаған Астана қаласының статистика басқармасының бастығы Әнуарбек Дәуренбековтың пікірінше, соңғыларының жұмысынан нәтиже шығатыны екі талай.

-Үйдің адамдары не себептен тіркеу алғысы келмейді. Адамның саны көбейсе, ақылы қызметке ақша төлеу керек. Суға, қоқыс төлеуге басқасына.

Электронды сайлау жүйесінің Қазақстанда енгізілуіне республика тұрғындарының өзіндік пікірлері бар.

-Қазір көп мемлекеттер соны қолдап жатыр ғой. Ол дұрыс. Қағаз күйінде жасағанда дау туады. Ал электронды жүйе жақсы. -Сенім жоқ. Ар жақтан алдап-арбау болады. -Ол қазіргі заманның жұмысы, енді электронды нәрсеге сенбесек, неге сенеміз. -Бұрыңғы әдіс дұрыс сияқты.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша Қазақстанда сайлау жасынан асқан 8 млн.ға жуық сайлаушы бар.
XS
SM
MD
LG