Accessibility links

Ирақтағы шийт мұсылмандарының әсірешіл көсемі Мұқтада Ас-Сад бүгін өзін “Мәһди армиясы” деп атайтын 500 қарулы жасақты бастап, жұма намазына Кафу қаласына келді.


НАДЖАФ: Ирақтағы шийт мұсылмандарының әсірешіл көсемі Мұқтада Ас-Сад бүгін өзін “Мәһди армиясы” деп атайтын 500 қарулы жасақты бастап, жұма намазына Кафу қаласына келді. Ас-Садр - өзін тұтқындауға уеде берген АҚШ әскерінің кеше Наджаф қаласына басып кіруіне қарамастан одан алыс емес Кафуға табан тіреді. Батыс ақпарат құралдарының хзабарлауынша, Наджафтан 80 шақырым жердегі Кербала қаласында бүгін атыстар мен зеңбіректердің жаңғырығы естілуде. Осы қалада одан бұрын АҚШ әскері мен Ас-Садр жасақтары бірнеше рет қақтығысты.
XS
SM
MD
LG