Accessibility links

Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің кезекті съезін 2006 жылы Қазақстанда өтікзу жоспарланып отыр


Қазақстан Парламенті Сенатының баспасөз қызметі Нұртай Әбіқаевтың Сенат төрағасы лауазымында Америка Құрама Штаттарына барған алғашқы сапарынан оралғанын хабарлады. Сапар барысында Нұртай Әбіқаев АҚШ-тың діни және үкіметтік емес ұйымдарымен ынтымақтастықтың келешегін талқылауға айрықша маңыз беріпті. Ал, қазіргі уақытта Қазақстандағы әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер съезінің Нұртай Әбіқаев жетекшілік ететін хатшылығы 2006 жылы Қазақстанда өтікзу жоспарланып отырған әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің екінші съезінің күн тәртібін жасау үшін биылғы жылдың күзінде сарапшылармен кездесуді ұйымдастыруда екен. Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің бірінші съезі 2003 жылғы қыркүйектің 23-24 күндері Астанада өткен болатын.

Ақпарат көздеріне қарағанда, Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік департаменті жетекшісінің орынбасары Ричард Армитадж Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевты Құрама Штаттардың аталған съездің мақсаты мен міндеттерін қолдайтынына сендірген. Сенаттың баспасөз қызметі Нұртай Әбіқаевтың Америка сапары туралы әзірге сұхбат бере алмайтынын, өйткені оның қызметі қарбаласқа толы екенін мәлімдеді. Ал, қазақстандық саясаткерлер мен мамандар әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің кең көлемдегі басқосуын өткізуде маңыз аударарлық мәселелердің барын айтады. Дінтанушы Мұртаза Бұлұтайдың пікірінше, аталған деңгейдегі жиындар күрделі қарым-қатынастарды өзімен бірге алып келеді. «Мұны тек қана бірнеше дін өкілдерінің, монахтарының, раввиндерінің, имамдарының кездесуі деп қарау дұрыс емес. Аржағында күрделі саяси-экономикалық мәдени өркениетті қарым-қатынастарды тудыратын шара. Сондықтан осындай көлемдегі жиындарды жасаған кезде, біз оның алдымыздағы 5-10-20 керек десе 50 жылғы нәтижелері қандай болуы, осыны жақсылап сараптау керек» дейді Мұртаза Бұлұтай. Астана қаласындағы мешіт имамының көмекшісі Бағдат Әбдікәрімов, аталған шараны өткізу Қ азақстан үшін пайдалы деп есептейді. Астана қаласындағы котолик шіркеуінің өкілі де мұндай шараны өткізу Қазақстан үшін маңызды деген пікірді айтты. Ал тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы Әзімбай Ғалидың пікірінше, дінаралық келісімге жету саясаты дұрыс. Бірақ, ұлттық ынтымақтасу идеясы көрінбейді дейді. Ал, саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев, халықарлық деңгейде әртүрлі басқосулар өткізу Қазақстан үшін тиімді. Бірақ сол басқосулардың тақырыбын таңдау барысында Қазақстанның ішкі жағдайына және ел дамуына әсер ететін факторларға назар аудару қажет деп есептейді. Алтынбек Сәрсенбаевтің айтуынша, өткен жылы Қазақстанда болған әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің съезіне дүниежүзіндегі белді діни өкілдері, патриах, котолик дінінің басшысы келмеген. «Демек алдымен екінші съезді өткізу үшін былтырғы сәтсіздіктерге талдау жасау қажет. Алдымен ел ішіндегі діни ахуалға назар аударып, соны дұрыс жолға қойып алсақ, содан соң басқа елдердегі дін басыларын шақырсақ, бәлкім көбірек келер еді, Себебі атиестік негізде отырған мемлекетке басқа елдің өмір бойы ғұмырын дінге арнаған адамдардың келуі екі талай» дейді ол.
XS
SM
MD
LG