Түрмедегі Ирақ тұтқындарына зәбір-жапа шектіріп, оларға қорлық көрсеткен жағдайларды тергеп-тексерген АҚШ генералы сейсенбі күні Конгресс сенаты алдында мұндай істердің жекелеген қызметкерлердің өз түсінік-танымдарының төмендігінен орын алған, оларға ешқандай да саяси тапсырыстар жасалмаған деген қорытындыға келгендіктерін айтқан:
-Мұндай әрекеттерге барған солдаттарға біреулердің тапсырыс бергендігінің дәлелдерін кездестірмедік. Олар оны өз еріктерімен жасаған. Мүмкін олар әскери барлаудың кейбір төменгі дәрежедегі қызметкерлерімен бірлестікте жасаған болуы керек деп ойлаймын,-деген генерал Тагуба суреттерде көрсетілген тұтқындарды қорлау әркеттері халықаралық және АҚШ заңдарымен де тиым салынған жайттар деп атап көрсеткен.
Тұтқындарға түрлі қорлық көрсетілуі - басшылық тәртіптің жетіспеушілігінен дейді АҚШ генералы Антонио Тагуба
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жерге жығып, дубинкамен сабаған"
Қаңтар құрбаны Жасұлан Анафияевты азаптап өлтірді деп айыпталған полицейлер сотталды
AzattyqTV