Accessibility links

Израил премьер-министрі Ариел Шарон қауіпсіздік кабинетіне кеше қаза тапқан солдаттардың денелері қайтарылмайынша, Израил әскерлері Газа секторында қалады деп мәлімдеген.


Бұл шұғыл басқосуға кеше алты израил әскерінің опат болуы себеп болған. Газа секторында палестиндік жауынгерлер жасаған жарылыс пен ұрыс кезінде Израил алты солдатынан айрылған. Палестиндік екі радикалды қозғалыстың бірлескен мәлімдемесінде қаза болған солдаттардың мүрделерінің қалдықтарын ұстап отырғандықтарын айтылған. Израил билігі болса, өлгендердің денелерінің қайтарылуын талап етіп отыр. АҚШ мемлекеттік депаратментінің өкілі Ричард Баучер АҚШ израил жауынгерлерінің өліміне қатты қынжылыс білдірді деген. Соңғы деректерге қарағанда Израил әскерлері қаза болған солдаттардың денелерін іздестіруді жалғастыруда.
XS
SM
MD
LG