Accessibility links

АҚШ президенті Дж. Буш Бағдадтағы Абу-Ғрайб түрмесінде Ирақ тұтқындарына американдық әскерлер көрсеткен қорлық-қинау әрекеттері үшін масқара болғандығын айтқан.


Вирджиния штатында сөйлеген сөзінде ол бұл таңданарлық қылмыстық істер Ирақта қызмет етіп жатқан 200 мыңдай әйел-еркектің бәрінің де мінез-құлқы осындай болды дегенді көрсетпесе керек деп атап өткен. Кеше АҚШ-ң мемлекттік қорғаныс хатшысы Доналд Рамсфелд Ирақтағы Абу-Ғрайб түрмесінде болды. Ол тұтқындарға зәбір-жапа шектіріп, оларды қорлау жағдайлары масқара өліммен тең , бірақ бұның бәрі де АҚШ-ң Ирақтағы қызметін тоқтатпақ емес деген: - Тұрақтанып қалған диктатураны бұзып, барлық діни жане этникалық топтарды құрметтейтін, адам хұқтарын сақтайтын табысты даму жолындағы елге өту оңай емес. Бұл қиын да қатал жол. Бұл жолда көптеген қателіктер де, кемшіліктер де болады.Дегенмен де бір кезде сіздердің осының бәрі де бекер жасалмағанына көздеріңіз жететін болады,-дейді Доналд Рамсфелд. Кеше сондай-ақ Британияның қарулы күштер министрі Адам Инграм Ирақ тұтқындарын қорлаған британ әскерлерінің суреті деп көрсетілген суреттердің Ирақта түсірілмегендігін , жалған суреттер екендігін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG