Accessibility links

Бүгін таңертең Израильдің әскери тікұшақтары босқындардың Газа аймағындағы Рафах лагеріне әуеден соққы беріп, кем дегенде 3 палестиндік қаза болып, басқа ондаған адам жараланды.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Бүгін таңертең Израильдің әскери тікұшақтары босқындардың Газа аймағындағы Рафах лагеріне әуеден бірнеше соққы беріп, кем дегенде 7 палестиндік қаза болып, басқа ондаған адам жараланды. Тікұшақтардың келесі соққысынан тағы 4 палестиндік қаза болды. Босқындар Израиль танктері қоршауға алған Рафах лагерінен қашуда. Израиль әскері кең ауқымды шараға дайындалуда, қазірдің өзінде Мысырмен арадағы шекара аумағында жүздеген баспана қиратылды.
XS
SM
MD
LG