Accessibility links

Орталық Азия саяси зерттеулер агентігі сараптамалық баяндамасын жариялады


Мамырдың 19 ы күні Алматыда Қазақстан баспасөз орталығында Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры Ерлан Қарин «Қазақстан парламенті мәжілісіне партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттардың санын көбейтудің қажеттігі» туралы деген сараптамалық баяндаманы таныстырды.

Бұл сараптамалық баяндама «Қазақстанның саяси партиялар туралы» және « Сайлау туралы» заңдарын сондай ақ парламент мәжілісінің алдағы сайлауында саясипартиялардың атқаратын рөлдерін талдау негізінде жасалған. Орталық азия саяси зерттеулер агентігінің сарапшыларының айтуларынша соңғы кезде саяси партиялар көбейіп олардың оннан астамы тіркеліп қойды. Партиялар мен халықтың соңғы кезде өсе түскен саяси белсенділігі жағдайында бұған дейінгі партиялар тізімі бойынша беріліп келген 10 орын үшін Қазақстанның барлық аймағында қызу бәсекенің өріс алары сөзсіз. Сондықтан парламент мәжілісіне партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттардың санын бірмандаттық округтерден сайланатын депутаттардың санына сәйкестендіруге бағытталған түзетулер енгізу қажет. Басқаша айтқанда бұл жерде мәжілістің аталған категориядағы депутаттарының санын 10 нан 67 адамға көбейту болып отыр. Осыған сәйкес парламенттің төменгі палатасы депуттарының жалпы саны 134 адам болып көбеймекші.
XS
SM
MD
LG