Accessibility links

Израиль соты Палестиндық белгілі азамат Марван Барғутиге кісі өліміне себепші деген айып тақты.


Ясер Арафаттың Фатах тобынан, Батыс Жағалауға басшылық еткен, Барғути көтерілістерге жетекшілік еткен. Ол екі жыл бұрын Израиль түрмесіне түскен. Ясер Арафаттың бас кеңесшісі Набил Абу Ридейненің айтуынша, Израилдің Барғути үстінен жүргізген соты заңсыз. - Олардың Барғути мырзаны соттауға құқы жоқ еді. Себебі , ол Парламент мүшесі. Сондықтан бұл заңсыз іс. Палестин халқына қарсы жасалған кезекті бір қылмыс, - деген Палестин елбасының кеңесшісі. Барғутиге израилдық 26 адамның өліміне себепші болған деген айып тағылған.
XS
SM
MD
LG