Accessibility links

Бағдадтың Абу Граиб түрмесінен тұтқындардың жаңа легі бүгін шығарыла бастады.


Бүгін Абу Граиб түрмесінен алты аутобус толы тұтқын бостандыққа шығарылды. Олар бостандыққа шығарылуға тиіс 472 тұтқынның тек алғашқы легі ғана. Бұ жәйлі АҚШ бастаған одақтастар мәлімдеді. Өткен аптада осы түрмеден 293 тұтқын бостандыққа шығарылған болатын. Осы Абу Граиб түрмесі бүгіндері тұтқын қорлау жанжалымен әлемге әйгілі болып отырғаны белгілі. Сол жанжалға байланысты сәрсенбі күні АҚШ солдаты Сивитс бір жылға абақтыға жабылғаны аян. Осы түрмеде тұтқындарды жәбірледі деп табылған тағы да 6 американдық солдаттың үстінен қылмыстық іс қозғалғалып отыр.
XS
SM
MD
LG